Сабақтың тақырыбы: §9. Америка Құрама Штаттары.Канада
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §9. Америка Құрама Штаттары.Канада
Сабақтың мақсаты:
- Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы АҚШ-тың дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктерін ашып көрсету.
- Техникалық прогрестің жоғары өркендеуіне қарамастан, АҚШ-тағы экономикалық тоқыраудың себептерін түсіндіру. Осы тоқыраудан шығудағы Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасының маңызын нақты факторлармен әңгімелеп, саяси бағыттағы жаңалығын атап көрсету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті /логикалық сұрақ-жауап, әңгіме, мәтінмен жұмыс/
Көрнекілік:карталар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- «Әскери коммунизм» саясаты қай жылдары болды?
- Жаңа экономикалық саясат қай жылы қабылданды?
- КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай республикалар кірді?
- Ұжымдастырудың қандай зардаптары болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ-қа тигізген әсері.
- 1922-1929 жылдардағы АҚШ-тың ішкі саясаты
- АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
- Президент Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасы
- «Жаңа бағыт» реформасының әлеуметтік маңызы
Негізгі оқиғалар:
- 1918 жылғы 8 қаңтар- «14 баптан» тұратын дүниежүзі елдерінің болашағына байланысты бағдарлама қабылданды.
- 1928 жылы республикашыл Герберт Гувер президент болды.
- 1929-1933 жылдарда АҚШ-тағы экономикалық дағдарыс
- 1932-1945 жылдарда демократ Ф.Рузвельт президент болды
- 1933 жылы «Жаңа бағыт» реформасы басталды.
- 1935 жылы бейтараптық туралы заң қабылданды.
Сабақты бекіту:
- АҚШ экономикасының тұрақтанына қандай жаңдайлар себеп болды?
- Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды?
- Г.Гувер мен Ф.Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай шараларды жүзеге асыруды ұсынды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §9. «Жаңа бағыт» саясаты Америка қоғамдық өміріне қандай жаңа келбет әкелді?