Сабақтың тақырыбы: §10. Латын Америкасы елдері
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §10. Латын Америкасы елдері
Сабақтың мақсаты:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Латын Америкасының саяси және экономикалық жағдайларына сипаттама бере отырып, 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы тайталасты күшейткені, ал оның Латын Америкасы елдеріне қалай әсер еткендігі туралы айтып түсіндіру.
- Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың түрі: Хабарлама сабақ
Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекілік:карталар , сызбалар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- АҚШ экономикасының тұрақтанына қандай жаңдайлар себеп болды?
- Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды?
- Г.Гувер мен Ф.Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай шараларды жүзеге асыруды ұсынды?
Жаңа сабақтың жоспары: /Оқушыларға бір апта бұрын осы тақырып туралы дайындалып келу тапсырылады. Тақырыпшаларды әр оқушы тақтаға шығып, сызба, карталармен таныстырады./
- Латын Америкасындағы мемлекеттердің дамуының жалпы көрінісі.
- 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың Латын Америкасы на тигізген әсері
- Соғыс уақытындағы Латын Америкасы республикаларындағы саяси күштердің топтасуы.
- Буржуазиялық революциялардың олигархиялық өкіметпен ашық күресі
- 1930 жылдардағы Латын Америкасына қатысты АҚШ-тағы саясаты.
Сабақты бекіту:
- Бірінші джс кейінгі Латын Америкасындағы саяси және экономикалық жағдайға сипаттама беріңдер. Аймақтағы саяси тәртіптерді ашып көрсетіңдер.
- ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі либералдық реформалар саясатын қалай бағалауға болады?
- 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономиканы мемлекеттік ретттеу саясатына баға беріңдер
- 30-жылдарда Латын Америкасынақатысты АҚШ-тың және Еуропа елдірінің саясатында қандай өзгерістер болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §10.