Қытай. Моңғолия
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §12. Қытай. Моңғолия
Сабақтың мақсаты:
- Қытайдың 1918-1939 жылдар аралығындағы ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама беріп, 1919, 1925-1927 жылдардағы революциялық қозғалыстың жалпыхалықтық антиимпериялистік сипатын ашып көрсету. 1927-1937 жылдары азамат соғысына ұласқан Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес туралы түсінік беріп, оқушылардың назарын Қытайдағы Кеңестік қозғалысқа аудару.
- 1937-1945 жылдары Жапон басқыншыларына қарсы күресу үшін біртұтас ұлттық майданның құрылғанын айтып, оның міндеттерімен таныстыру.
- 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси-экономикалық даму жолына сипаттама беріп, 1924-1940 жылдардағы реформалардың мәнін ашып көрсету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карталар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- «Жапония» дегенде не айтқымыз келеді?
- Жапонияның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы сыртқы саясатының ұқсас жақтарын атаңдар.
- Жапония үкіметінің экспанциялық және милитаристік саясатын түсіндіріңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы.
- Саяси партиялар және саяси күрес
- Қытайдағы 1925-1927 жылдардағы Ұлттық революция
- Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес.
- 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси экономикалық жолдары.
- Моңғолиядағы 1924-1940 жж. экономикалық реформалар
Негізгі оқиғалар:
- 1919 жылғы 4 мамырда Қытайдағы антиимпериялистік қозғалыс болды.
- 1921 жылғы сәуірде Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті болып жарияланды.
- 1925 жылғы 30 мамырда Ұлттық рефолюция басталды.
- 1926-1927 жылдардағы Солтүстік жорығы
- 1931 жылғы қарашада Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды.
- 1937 жылы Біртұтас антижапондық майдан құрылды.
- 1937 жылы тамызда КСРО-Қытай арасындағы шартқа қол қойылды.
- 1921 жылы Моңғолия Халық партиясы құрылды.
- 1924 жылы МХР жарияланды.
Сабақты бекіту:
- 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысының» себептері қандай?
- МАО Цзэдун қандай әлеуметтік топтың қатарынан шықты?
- КСРО кеңесшілері Қытайға қай үкіметтің шақыруымен барып қызмет атқарды?
- Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай?
- Кеңестік қозғалыстарды баяндап беріңдер
- 1921 жылғы араттар революциясына сипаттама беріңдер.
- Моңғолияның революцияға дейінгі экономикасы туралы, еңестік Ресейдің Моңғолияға көмегі жөнінде пікірлеріңді білдіріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §12. КСРО-ның Қытайдың және Моңғолияның ісіне араласуына баға беру.