Сабақтың тақырыбы: §14. Үндістан
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §14. Үндістан
Сабақтың мақсаты:
- Үндістанның1914-1945 жылдардағы саяси – әлеуметтік және экономикалық дамуына сипаттама беріп, ондағы басты ерекшеліктерді атап көрсету. Оқушылардың назарын
- Үндастандағы Ұлт – азаттық күреске аударып, оның кезеңдері мен күрес тәсілдерін нақты фактілер арқылы түсіндіру.Елдегі саяси партиялар туралы түсіндіріп , олардың бағдарламасымен таныстыру. М.К.Ганди мен Дж Нерудің ұлт – азаттық күрестегі қызметі туралы әңгімелеп, М.К. Ганди ұсынған күрес жолын ұғындыру.
- Білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- 1920-1930 жылдарда Үндіқытай қоғамының ішкі құрылысында қандай өзгерістер байқалды?
- Дүниежүзілік дағдарыс Үндіқытай шаруашылығына қалай әсер етті?
- 1930 жылдары Вьетнамдағы отаршылдарға қарсы халықтардың күресі туралы айтып беріңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі елдің жағдайы.
- Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс. Күш қолданбай қарсыласу қозғалысы.
- Соғыстан кейінгі кезеңдеі Үндістан:
а)Ағылшын үкіметінің саясаты;
ә)Жаппай бағынбаушылық қозғалысы.
- Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Үндістан. «Тұз жорығы»
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үндістан.
Негізгі оқиғалар:
- 1916 жылы ұлт – азаттық қозғалысы басталды.
- 1919 жылғы сәуірде жаппай бағынбаушылық қозғалысы өткізілді.
- 1930 жылғы 26 қаңтарда ҮҰҚ шешімімен «Үндістанның тәуелсіздік күні» жарияланды (кейін бұл күн ҮР ұлттық мерекесіне айналды)
- 1930 жылғы наурызда М.Ганди «Тұз жорығын» бастады.
Сабақты бекіту:
- Үндістанның 1920-1940 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысына сипаттама беріңдер. Қандай саяси партялар өмір сүрді, олардың бағдарламасы қандай?
- М.К.Ганди саясатына қандай баға берер едіңдер? Оның «Менің өмірім» (Алматы, 1989) деген кітабын оқу.
Бағалау: Үйге тапсырма: §14.