Наурыз тойы
№67. Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы
Сабақтың мақсаты: а) Наурыз мерекесі , оның тарихы туралы түсініктерін қалыптастыру ә) Оқушылардың наурыз мерекесі тақырыбы барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, паш етуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз мерекесі қай кезден тойланады? -Наурыз мерекесінде ел-жұрт бір-бірімен қалай амандасады? -Қандай ақ тілектер айтылады?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, наурыз мерекесінің ең басты асы не? -Дұрыс, Наурыз көже
- Мақсат қою кезеңі: -Балалар, Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде тойланады?
-Басқа мерекелерден ерекшелігі неде?
- Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс 115-жаттығу
- Сөздерді оқыңдар. Жаса, жина, сыз, сөйле, тасы
- Берілген үлгі бойынша сұраққа тиісті жауап жазыңдар.
Үлгі: не істеді? Не істейді?
Жасады Жасайды
Өлеңді жаттап алыңдар.
Наурыз тойы
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді-салтымыз:
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді Ә.Табылдиев.
Наурызда қандай игі істер атқарылады? Наурыз тойы туралы әңгімелеңдер.
VI.Жаңа материалды пысықтау: 116-жаттығу. 1Өлеңді түсініп оқыңдар.
Көкорайға қонғанда,
Қозылар ойнар дүркіреп.
Жаздың күні болғанда,
Жаңбыр жауар күркіреп. Шәкәрім.
- Қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар. Керекті сөздер: ойнақтайды, жауды.
VII.Бекіту кезеңі: Наурыз мерекесінің басқа меркелерден ерекшеліктерін паш ету.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау: Наурыз тойы өлеңін жаттау.