Италия. Испания. Португалия. Грекия /2 сағат/
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §25. Италия. Испания. Португалия. Грекия /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
- Аталған елдердің соғыстан кейінгі даму жағдайын айта отырып, қазіргі күнгі экономикасымен таныстыру, ерекшеліктерін салыстыру.
- Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
- Соғыста жеңіске жеткен мемлекеттердің жеңілген Германияны басқару принциптерінің негізін айырып айтыңдар.
- Жаулап алынған аймақтардағы саяси өзгерістер қандай жағдайда өтті? Германияның ыдырау себептері қандай?
- Әлеуметтік нарықтық шаруашылықты құрудың әдісі қандай болды? Германдық экономикалық ғажайыптың алғышарттары қандай?
- ГФР-дің мемлекеттік және саяси жүйесі Конституцияға сәйкес қалай жұмыс істейді.
- В.Бранд кезіндегі ГФР саясатының даму ерекшелігі неге байланысты болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Италияның соғыстан кейінгі жағдайы және республиканың құрылуы.
- Италияның әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері
- Италиядағы партиялық-саяси құрылымдардың дамуы
- ХХ ғасырдың соңы-ХХІ ғасырдың басындағы Италияның саясаты.
- Испания
- Португалия
- Грекия
Сабақты бекіту:
- «Не себепті Қарсыластар қозғалысы Италиядағы демократия мен республикалық тәртіпті қайта қалпына келтіруге әсерін тигізді? Бұл процеске қандай саяси күштер қатысты?
- Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері қалай айқындалады? Италиядағы «экономикалық ғажайыптың» себептері неде?
- Не себептен Италиядағы Орталықшылдар бағыты саяси тұрақтылықты негізгі болып, көп жылдар бойы өмір сүрді.
- Франко тәртібі Испанияның Еуропа мен дүниежүзіндегі жағдайына қалай әсер етті?
- 1978 жылғы Конституция Испанияда қандай мемлекеттік тәртіп орнатты?
Бағалау: Үйге тапсырма: §25.