Сабақтың тақырыбы: §13. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §13. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері
Сабақтың мақсаты:
- ОША елдерінің ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп, басты ерекшеліктерін ашып көрсету. Бұл елдерге дағдарыстың тигізген әсерін айту.
- Батыс елдері мен Жапонияның назарын отаршылдық басқыншылық саясатына оқушылардың назарын аудару. Тәуелсіздік азаттыққа құрмет сезімдерін қалыптастыру.
- Тарихи фактілерге талдау жасап, қорытынды шығаруға баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысының» себептері қандай?
- МАО Цзэдун қандай әлеуметтік топтың қатарынан шықты?
- КСРО кеңесшілері Қытайға қай үкіметтің шақыруымен барып қызмет атқарды?
- Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай?
- Кеңестік қозғалыстарды баяндап беріңдер
- 1921 жылғы араттар революциясына сипаттама беріңдер.
- Моңғолияның революцияға дейінгі экономикасы туралы, еңестік Ресейдің Моңғолияға көмегі жөнінде пікірлеріңді білдіріңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
- ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Үндіқытай елдірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- Дүүниежүзілік дағдарыстың үндіқытай еліріне әсері
- Үндіқытай халықтарының ұлт-азаттық күресінің дамуы.
- Индонезиядағы саяси ұйымдар мен партиялардың қимылдары.
Негізгі оқиғалары:
- 1927 жылы Индонезияның ұлттық партиясы құрылды.
- 1930 жылғы 3 ақпанда Вьетнам коммунистік партиясы жарияланды
- 1937 жылы Гиринда (Индонезия халқының қимылы) партиясы құрылды.
Сабақты бекіту:
- 1920-1930 жылдарда Үндіқытай қоғамының ішкі құрылысында қандай өзгерістер байқалды?
- Дүниежүзілік дағдарыс Үндіқытай шаруашылығына қалай әсер етті?
- 1930 жылдары Вьетнамдағы отаршылдарға қарсы халықтардың күресі туралы айтып беріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §13