Германия Федеративтік Республикасы Екі герман мемлекетін біріктіру процесі
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §24. Германия Федеративтік Республикасы
Екі герман мемлекетін біріктіру процесі /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
- Соғыстан кейінгі Германияның тағдары, даму жолдары екіге бөлінуі, қайтадан бірігуі, қазіргі жағдайы туралы толық түсінік беру;
- Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
- Соғыстан кейін Франциядағы саяси күштердің жаңа арақатынастары қалай құрылды?
- Төртінші Республиканың табыстары мен сәтсіздіктері қандай болды?
- Францияның соғыстан кейінгі тарихындағы Шарль де Голльдің рөлін қалай бағалайсыңдар? Жеке билік тәртібін қалай түсіндіресіңдер? «Голлизм» дегеніміз не?
- Ж.Ширак билік еткен кездегі Францияның жағдайы.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Жаулап алу саясаты
- Алғашқы экономикалық жаңартулар
- Басып алынған аймақтардағы саяси өзгерістер
- 1948 жылғы Берлин дағдарысы және Германияның ыдырауы
- Аденауэр кезеңі. Германдық экономикалық ғажайып (1949-1963)
- 60-жылдардың ортасы мен 80-жылдардың басындағы ГФР-дің ішкі саяси дамуы.
- Неміс неоконсерваторларының 80-жылдардағы саясаты
- Шығыс Германиядағы социолизм құрылысының дағдарысы (ГДР).
- Екі герман мемлекетін біріктіру процесі
- Біріккен Германияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- Қазіргі Германияның халықаралық жағдайы.
ГСДП бағдарламалары
Мақсаты | Гот бағдар- ламасы | Эрфрут Бағдар- ламасы | Бад- Тодесберг бағдарламасы |
Таптық билікті жою | |||
Пролетарлық интернациолизмді мойындау | |||
Өндіріс құралдарын жүйелеу | |||
Шіркеуді мемлекеттен айыру. | |||
Социалистік партияның жұмысшы табының партиясы болғанын мойындау. |
Сабақты бекіту:
- «Соғыста жеңіске жеткен мемлекеттердің жеңілген Германияны басқару принциптерінің негізін айырып айтыңдар.
- Жаулап алынған аймақтардағы саяси өзгерістер қандай жағдайда өтті? Германияның ыдырау себептері қандай?
- Әлеуметтік нарықтық шаруашылықты құрудың әдісі қандай болды? Германдық экономикалық ғажайыптың алғышарттары қандай?
- ГФР-дің мемлекеттік және саяси жүйесі Конституцияға сәйкес қалай жұмыс істейді.
- В.Бранд кезіндегі ГФР саясатының даму ерекшелігі неге байланысты болды?
Бағалау: өзін-өзі бағалау
Үйге тапсырма: §24.