Солтүстік Еуропа елдері
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §26. Солтүстік Еуропа елдері
Сабақтың мақсаты:
- Солтүстік Еуропа (Дания, Норвегия, Швеция, және Финляндия) елдірінің соғыстан кейінгі жылдардағы сыртқы, ішкі саяси жағдайы, дамуы туралы түсіндіру;
- Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
- Не себепті қарсыластар қозғалысы Италиядағы демократия мен республикалық тәртіпті қайта қалпына келтіруге әсерін тигізді? Бұл процеске қандай саяси күштер қатысты?
- Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері қалай айқындалады? Италиядағы «экономикалық ғажайыптың» себептері неде?
- Не себептен Италиядағы Орталықшылдар бағыты саяси тұрақтылықты негізгі болып, көп жылдар бойы өмір сүрді.
- Франко тәртібі Испанияның Еуропа мен дүниежүзіндегі жағдайына қалай әсер етті?
- 1978 жылғы Конституция Испанияда қандай мемлекеттік тәртіп орнатты?
- Испания, Португалия, Грекияда диктатура режімінің күйреуіне қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер етті?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Финляндия
- Дания, Норвегия, Швеция.
Сабақты бекіту:
- Солтүстік Еуропа елдірінің соғыстанк кейінгі жылдардағы сыртқы саяси бағдарларының әртүрлі болу себебі неде деп ойлайсыңдар?
- Финляндияның сыртқы саясатының ерекшеліктері қандай?
- Соғыстан кейінгі онжылдықта солтүстік елдері экономикасының қарқынды дамуын қалай түсіндіруге болады?
- Солтүстік Еуропа елдерінің қайсысы Еуропалық одаққа кірген жоқ?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §26.