Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §27. Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы
Сабақтың мақсаты:
- Осы ұйымдың дүниежүзілік соғыстан кейінгі атқарған қызметіне тоқталу, Еуро Одақтың қазіргі құрылымы туралы толық түсіндіру;
- Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
- Солтүстік Еуропа елдірінің соғыстанк кейінгі жылдардағы сыртқы саяси бағдарларының әртүрлі болу себебі неде деп ойлайсыңдар?
- Финляндияның сыртқы саясатының ерекшеліктері қандай?
- Соғыстан кейінгі онжылдықта солтүстік елдері экономикасының қарқынды дамуын қалай түсіндіруге болады?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Еуропа экономикалық ынтымақтасу ұйымы
- Қоғамдастықтың және Батыс Еуропа ықпалдастығының дамуындағы жаңа кезең. Еуропалық Одақ құру
Терминдер:
- Аннекция-( лат.)-басқа мемлекеттің немесе халықтың жерін бір мемлекеттің күштеп өзіне қосып алуы.
- Оккупация (латын)- белгілі бір мемлекеттің қарулы күштер арқылы басқа мемлекеттің жерін уақытша басып алуы.
- Протекторат (латын)-«жебеуші»-отарлық үстемдіктің бір түрі Ол бойынша отар ел сыртқы саясатта империалистік державаға тәуелді болған.
- Эвакуация- халықты, тұрғындарды, мекемелерді жау жағы жаулап алған немесе жаулап алу қаупі төніп тұрған аймақтан алып кету.
Сабақты бекіту:
- Әлемдегі ықпалдастық және ықпалдастыққа қарсы үрдістерге мән беріп, олардың себептерін ашып көрсетіңдер.
- Қандай жағдайлар Батыс Еуропа елдерінің бірлесуіне жол ашты?
- Еуропадағы ықпалдастықтың негізгі кезеңдерін атаңдар.
- Еуропа қоғамдастығының негізгі құрылымдарын атаңдар
- ЕО мүшелері қатарына қай елдер кіреді? Оған кейінгі жылдары қандай елдер қосылды, тағы да қандай елдер қосылуы мүмкін?
- ЕО –ға мүше елдер неліктен біріккен еуро валютасына көшті?
- ЕО-ға бүгін қанша мемлекет мүше болып отыр?
Бағалау: Үйге тапсырма: §27.