Заттың қимылын білдіретін сөздер. Атаның ақ батасы.
№68 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Атаның ақ батасы.
Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап,
бекіту.ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Үлкенді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз тойы өлеңін жаттап келдік келдік пе№ — Кім дайын?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Жақсы, бәріміз өлеңді жаттап айтып бердік -Ендігі сұрақ сендерге мынадай -Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -мысал келтіреміз — бас әріптен жазылатын сөздер қандай сөздер кәне , кім айтады?
- Мақсат қою кезеңі: — Бүгін біз сендермен өтілген тақырыптарды пысықтауда жаттығулар орындап, қаншалықты түсінгенімізді көрсетеміз
- Жаңа сабақ :Оқулықпен жұмыс 117-жаттығу 1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ұшақ ұшт.. . Кеме жүзд… . аю ақ…рды.Қорадағы мал үр… кті. 2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
1.Өлеңді түсініп оқыңдар. Бұл қай кезде болады? Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеңдер
VI.Жаңа материалды пысықтау: 118-жаттығу 1. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазыңдар.Көктемде мал төлдейді.Жазда егін шығады.Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түседі.Қыста дала ақ қар жамылады. 2. Қара әріппен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. 119-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыңдар
Шертті дала сырларын,
Жамыраған жаз келді.
Қанатында тырнаның,
Қалықтаған саз келді.
VII.Бекіту кезеңі : Атаның ақ батасын жаттап алыңдар
Атаның ақ батасы
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың қарындай
Бастарыңа бақ қонсын
Шаштарыңның санындай
Тыныш болсын даламыз
Түгел болсын нуымыз
Таза болсын ауамыз
Тұнық болсын суымыз О.Асқаров
Атаның ақ батасын таладап, тізбектей оқытып, мазмұнын ашу
VIII. Үйге тапсырма, бағалау: 120-жаттығу «Наурыз» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.