9-сынып. Дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
- Екінші дүниежүзілік соғыс, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзі елдері, ішінде Еуропа және Америка ның 1945-2009 жылдардағы дамуы тарауларын қайталау, яғни ІІ тоқсан материалдары.
- Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
- Соғыстан кейінгі АҚШ-тың дүниежүзілік саяси және экономикалық жағдайы қалай болды?
- Г.Трумэннің «әділ саясатының» мазмұнын ашып беріңдер.
- 1950-1960 жылдардағы нәсілшілдікке қарсы заңдардың мәнін ашып көрсетіңдер
- Рейгон мен Клинтон әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясаттағы табыстарына сипаттама жасаңдар.
- Кіші Дж. Буштың сыртқы саясаттағы әрекеттерін қалай бағалайсыңдар?
- Канада елінің экономикалық жетістіктері туралы айтып беріңдер. Оның себептерін ашыңдар.
Пысықтау сабағының материалдары:
- Африкадағы араб елдері
- Тропиктік және Оңтүстік Африка елдері
- Екі соғыс аралығындағы хылықаралық қатынастар
- Екінші дүниежүзілік соғыс
- Ұлыбритания
- Франция
- Германия
- Италия, Испания, Португалия, Грекия.
- Солтүстік Еуропа елдері
- Еуропалық ықпалдастық және Еуропа Одағы
- Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері
- АҚШ және Канада
Сабақты бекіту:
- «Иә-жоқ»
Бағалау:
Үйге тапсырма: ІІ тоқсан материалдарын қайталау