ХҮІІІ ғасырдағы Ресей Сарайлар төңкерісі дәуірі /2 сағат/
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §5. ХҮІІІ ғасырдағы Ресей Сарайлар төңкерісі дәуірі /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
- ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейдің жағдайына сипаттама беру.
- ХҮІІ ғасырда Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің дамуы болғандығын атап көрсету. Сондай –ақ Ресейдің даму жөнінен алдыңғы қатарлы Еуропа Еуропа елдерінен артта қалу себептерін ашып беру.
- І Петр тұсіндағы мемлекеттің өнеркәсібінде маңызды өзгерістер болғандығы және Солтүстік соғыстың салдары шаруаларға ауыр міндеткерлік тудырғаны жайлы баяндау. Әсіресе І Петр енгізген әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен реформалардың мәнін түсндіру
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, І Петрдік суреті
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында қандай өзгерістер болды?
- Революция қалай басталды?
- Монархия қандай әрекеттер жасады?
- Революция барысында ел билігіне кімдер келді?
- Якобиншілдер диктатурасы туралы айтып беріңдер.
- Революцияның маңызы қандай
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Ресей.
- ХҮІІІ ғасырда Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- ХҮІІІ ғасырда Ресейдің ішкі және сыртқы саясаты
- І Петр және оның өкіметі
- І Петр реформалары
- Сарайлар төңкерісі дәуірі
- Солтүстік соғыс және оның нәтижелері.
- Феодалдық басыбайлы шаруашылығының ыдырауы және халықты қанаудың күшеюі
Маңызды оқиғалар:
- 1715 ж. – өкіметтің жарлығы бойынша зығыр, сора себу ұлғайтылды.
- 1714 ж.- жеке мұралық туралы жарлығымен барлық дворяндар меншік жеріне шаруалар жері кіріп, помещиктік жеке меншікке айналды.
- ХҮІІІғ. басында – І Петр әлеуметтік-экономикалық өзгертулер, реформалар енгізді.
І Петр реформалары | ||||
Әскери реформалар | Салық реформасы | Басқару мен өкімет органдары реформасы | Шіркеу реформасы | Мәдениет пен тұрмыс саласындағы реформалар |
ІҮ. Сабақты бекіту:
- ХҮІІІ ғ. Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекшеліктерін сипаттаңдар.
- ХҮІІІ ғ. Ресейдің ішкі және сыртқы саясатында қандай әрекеттерді атар едіңдер?
- І Петр реформаларын атап көрсетіңдер.
- Солтүстік соғыстың себептері қандай болды?
- ІІ Екатерина билік жүргізген кезде қандай реформалық өзгерістер болды?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§5