Сабақтың тақырыбы: §7. Осман империясы
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §7. Осман империясы
Сабақтың мақсаты:
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Осман империясының саяси, әлеуеттік-экономикалық даму ерекшеліктері, империяның құрамына кірген халықтардың жағдайы және олардың ұлт-азаттық қозғалыстары жан-жақты түсіндіріледі. Империяның жүргізген соғыстары оның күш-қуатын әлсіретіп, дағдарысты күшейткені және жүргізген реформалардың нәтижесіз болғанын ашып көрсету. Сұлтан үкіметі сыртқы саясатта дербестіктен айырылып, еуропалықтардың үстемдігіне бағына бастағанына назар аудару. Отаншыл азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру
Әдісі: еске түсіру,пікір алмасу,түсіндіру
Көрнекілігі:карта «Осман империясы».
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ұлы Моғол империясының құрамына Үндістанның қандай ірі аймақтары мен халықтары кірді?
Моғол империясы ыдырағаннан кейін қандай үнді ұлсытары пайда болды?
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда Үндістан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді?
Неліктен Үндістан секілді үлкен елді ағылшындардың өзіне бағындыруға сәті түсті? Отаршылдыққа түсудің себептерін айтыңдар
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- ХҮІІ ғасырдағы Осман империясының дамуы және оның құрамына кірген халықтардың жағдайы.
- ХҮІІ ғасырдағы Осман империясының жүргізген соғыстары, империядағы дағдарыстің күшеюі.
- Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қалалар мен сауданың дамуы.
- ХҮІІІ ғасырдағы Осман империясының сыртқы саясаты. Халық көтерілістері мен ұлт-азаттық қозғалыстар.
- ІІІ Селим сұлтанның реформалары.
Маңызды оқиғалар:
- 1730 ж.- әскери салық енгізілді.
- 1789-1807 жж. Сұлтан ІІІ Селим таққа отырды.
- 1768-1774 жж.- Орыс-түрік соғысы.
ХҮІІ ғасырда Осман империясының жүргізген соғыстары
Жылдар | Қай елмен соғысты? | Соғыстың себебі | Соғыстың нәтижесі |
Тестік сұрақтар
- ХҮІІ ғасырда түріктердің Ресеймен және Австриямен соғыс жүргізуінің себебі не?
- еуропадағы билігінен айырылғысы келмеді
ә. халықтардың наразылығын басу үшін.
б. Дағдарыстан шығу үшін
ІҮ. Сабақты бекіту:
- Осман империясы жаңа дәуір басында қандай ел еді?
- Осман империясының әр түрлі ұлт аймақтарының даму деңгейі бірдей болды ма?
- Осман империясында ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жаңа заманға сай қандай өзгерістер жүрді?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§7.