Азия және Африка елдерін отарлау. Отарлық езгі зардаптары /2 сағат/
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §13. Азия және Африка елдерін отарлау. Отарлық езгі зардаптары /2 сағат/
Сабақтың мақсаты: ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы еуропалық өркениеттің іс жүзінде барлық құрлықтарға тарала бастауы, Англияның, Голландияның Үндістанды т.б. отарлауы, отарлық езгілердің зардаптары туралы баяндай отырып, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі: «ХҮІІІ ғ. ортасындағы дүние жүзі», 1876-1914 жж. Дейінгі дүние жүзінің саяси аумақтық бөлінуі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Араб әлеміне қандай елдер жатады? Саяси картаға қарап олардың ХҮІІ ғасырдағы жағдайын түсіндіріңдер.
- Араб елдеріне әлеуметтік-экономикалық сипаттама беріңдер
- Жер кімнің қолында болды? Қандай алым-салық түрлері болды?
- Батыс елдерінің отаршылдық саясатына сипаттама беріңдер
- Мысырдағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы реформаларға сипаттама беріңдер
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- Азия мен Африканы отарлау
- Англия мен Голландияның отарлауы
- Отарлық езгі зардаптары
- Отарлық жүйенің отар елдер экономикасына әсері
Маңызды оқиғалау:
- ХҮ ғ.-Портуғалияның Африкадағы алғашқы отары пайда болды.
- ХІХ ғ. басы- Бразилия империясы құрылды.
- ХҮІІ ғ. ортасы- Испания өз отарлық иеліктерінен айырыла бастады,
- ХҮІІ ғ. – Англияның отарлай бастауы
- ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.-Францияның отарлауы
- ХІХ ғ. 80-ж- Италия мен германияның бірінші отарлары
ІҮ. Сабақты бекіту:
- Шығыс елдерін отарлау үшін Еуропаның қандай мемлекеттері арасында күрес болды?
- «жабық есік» саясатын ұстанған елдерді атап, оның тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетіңдер
- Капиталистік Батыс пен шығыс елдері арасындағы теңсіздікті атаңдар
- ХҮІ-ХҮІІ ғ. аралығында еуропалық отарлаудың аумағы қандай болды?
- Африканы алғаш отарлаушы еуропалық мемлекеттерді атаңдар
Отарлық иеліктер | Португалия | Испания | Голландия | Англия | Франция |
Азияда Африкада |
Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма:§13