XYII-XYIII ғ мәдениет пен ғылым.

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §14. XYII-XYIII ғ мәдениет пен ғылым.

Сабақтың мақсаты:

  • Капитализмнің жаңа идеяларының мәдениеттің және ғылымның дамуына тигізген ықпалын айта келіп, ғылым мен ағарту салаларында жеке қайраткерлердің ашқан жаңалықтары қоғамды дамытудың жетекші күші болғандығын ұғындыру.
  • Оқушыларды қоршаған ортаны игеруде ғылымның әр түрлі салаларын меңгеруге, жаңа прогрессивтік идеяларға ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:пікір-сайыс.

Көрнекілігі:карта, кесте, газет-журналдар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Шығыс елдерін отарлау үшін Еуропаның қандай мемлекеттері арасында күрес болды?
  • «жабық есік» саясатын ұстанған елдерді атап, оның тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетіңдер
  • Капиталистік Батыс пен шығыс елдері арасындағы теңсіздікті атаңдар
  • ХҮІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында еуропалық отарлаудың аумағы қандай болды?
  • Африканы алғаш отарлаушы еуропалық мемлекеттерді атаңдар
  • ХҮІІІ ғасырда Үндістан үшін күрес қандай мемлекеттер арасында болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Мәдениеттің дамуына капитализмнің жаңа прогрессивтік идеялары
  2. ХҮІІІ ғасырдағы –жүзжылдық ағартушылық ғасыр.
  3. Жеке қайраткерлердің қоғамды дамытудағы ғылым мен білім, мәдениет саласындағы құнды ой-пікірлері.
  4. Шығыс әдебиеті мен өнері.
  5. Қорытынды.

ІҮ. Сабақты бекіту:

  1. Мәдениет дегеніміз не?
  2. Қай ғалымдар қазіргі жоғарғы математиканың негізін қалады?
  3. Немістің ұлы астрономы Кеплер туралы әңгімелеңдер.
  4. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жаратылыстану ғылымы  дамуының маңызы қандай?
Кезеңі

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.

ҚайраткерлерҚандай жаңалықтар ашты?Әдбиет пен өнер саласында

 

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§14. Кестені толтыру