Германия мен Италия. Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы /2сағат/
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §19 Германия мен Италия.
Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы /2сағат/
Сабақтың мақсаты:
- Германияның әлеуметтік- экономикалық дамуына салыстырмалы түрде сипаттама беріп, 1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттарымен қорытындыларын ашып көрсету. Германия мен Италияның бірігу жолдарын және ерекшелігі мен ұқсастығын нақты деректермен түсіндіру.
- Біріккен Германия мен Италияның мемлекеттік құрылысын қазіргі құрылысымен салыстыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: /ХІХ ғасырдағы Франция/
- Қандай мемлекеттер Вена конгресінің шешімдерін қабылдауға қатысты?
- Қасиетті одақ қандай мақсатпен құрылды?
- Франциядағы 1830 жылғы Шілде ревоюциясының себептерін, мәнін және қорытындысын атаңдар
- Шілде монархиясы қай жылдары өмір сүрді?
- Франция-Герман соғысына итермелеген себептерді көрсетіңдер
- Францияда Үшінші республика қашан жарияланды?
- Не себепті Үшінші республиканы «герцогтар республикасы» деп атады?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- Германия және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революциялар, олардың қорытындыларыИталияның бірігуіне дайындық және бірігудің аяқталуы.
- Германияның бірігуі және Герман империясының құрылуы
- Герман империясының және Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- Германияның мемлекеттік құрылымы. Италияның саяси құрылымы
- ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Германия және Италияның экономикалық және саяси дамуы.
І топ Германияның бірігу жолы | ІІ –топ Италияның бірігу жолы |
1. Ерекшелігі | 1. Ерекшелігі |
2. Ұқсастығы | 2. Ұқсастығы |
Германияның және Италияның мемлекеттік құрылымы
Германия | Италия |
1. Империя-22 монархия одағын құрады 2. Мемлекет басшысы-император (кайзер) 3. Үкімет басшысы-рейхканцлер 4. Рейхстаг 5 жылға сайланды. Жоғарғы палата (бундесрат). Төменгі палата (бундестаг). 5. Рейхстагқа барлық ірі саяси партиялар кірді |
ІҮ. Сабақты бекіту:
- Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.
- Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?
- Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?
- Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?
- Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§19.