Ресей Патша өкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі /2 сағат/
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §20. Ресей Патша өкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
- ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің экономикалық дамуына сипаттама беріп, феодалдық басыбайлық жүйенің қоғамдық прогреске тосқауылб болғанын және капиталистік қатынастардың дами бастағанын ашып көрсету.
- Өнеркәсіптің дамуы жөнінде деректер келтіріп, өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі туралы түсінік беру. 1861 жылғы реформаның мазмұнын әңгімелеп, оның буржуазиялық сипатын ашу. Ресейдегі қалыптасқан революциялық ахуал меноның белгілеріне оқушылардың назарын аударып, 1905-1907 жылдардағы революция империялизм дәуіріндегі алғашқы халық революциясы болғандығын атап көрсету.
- Белсенділігі жоғары, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:ХІХ-ХХ ғғ. Ресейдің әлеуметтік экономикалық және саяси карталары, «Ресейдегі 1861 жылғы реформа».
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.
- Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?
- Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?
- Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?
- Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- 1861 жылғы реформаның сипаты және негізгі принциптері
- Халық еріктілері қозғалысы
- Марксизмнің таралуы
- Патша үкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі
- 1905-1907 жылдардағы революция
Маңызды оқиғалар:
- 1861 ж., 19 ақпан-басыбайлылық құқықты жою
- ХІХ ғ., 60-ж.- Халықшылдар қозғалысы
- 1874 ж.- «Халыққа» деген үндеудің таралуы.
- 1875 ж.- «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» құрылды
- 1878 ж. – «Жұмысшылардың солтүстік одағы» құрылды
- 1883 ж. – «Халықты азат ету» тобы құрылды.
1861 жылғы реформа
Реформаның буржуазиялық сипаттары |
Реформадан кейін де сақталып қалған басыбайлылық сарқыншақтар |
Басты қағидалар:
- Патша өкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі
- 1905-1907 жылдардағы революцияның мақсаты.
- Революцияның ерекшеліктері
- Революцияняң қозғаушы күші
- Батыстағы ХІХ ғ. буржуазиялық революциядан айырмашылығы
- Революцияны іске асырудың түрі-қарулы көтеріліс
- Революцияняң жеңілу себептері
- Революцияның маңызды жақтары
ІҮ. Сабақты бекіту:
- «Ия-жоқ»
- 70-жылдардағы революционерлерді неліктен халықшылдар деп атаған?
- Ресейдегі революциядлық қозғалыстар ұқсастығын атаңдар
- «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» қандай идеяны үгіттеді?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§20.