Америка Құрама Штаттары 1861-1865 жылғы азамат соғысы/2 сағат/

8-сынып.  Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 21. Америка Құрама Штаттары  1861-1865 жылғы азамат соғысы/2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық дамуына сипаттама береотырып, Батыс Еуропадан, әсіресе Англиядан әлдеқайда артта қалса да, ХІХ ғасырдың бірінші ширегінен бастап ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптерде болған өзгерістерге тоқталу. Жер кеңейту мәселесі мен екі партиялы жүйенің қалыптасу мәнін ашып көрсету. АҚШ-тағы құлдықты жою жөніндегі жалпыұлттық қозғалыстар туралы әңгімелеу. Ел ішіндегі саяси жағдайлардың шиеленісуі Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы наразылықтардың Азамат соғысына әкеліп соқтырғанын деректермен нақтылау.
  • Күресуші жақтардың ерекшеліктерін, ХХ ғасырдың басында қол жеткізген маңызды табыстарын ашып көрсету.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:»1876-1914 жылдарға дейінгі дүние жүзінің аумақтық саяси бөлінуі», «1861-1865 жылдардағы Азамат соғысы» жөніндегі мәлімет беретін карталар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:  «Ресей»

  • «Ия-жоқ»
  • 70-жылдардағы революционерлерді неліктен халықшылдар деп атаған?
  • Ресейдегі революциядлық қозғалыстар ұқсастығын атаңдар
  • «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» қандай идеяны үгіттеді?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы АҚШ-тың әлеуметтік –экономикалық даму ерекшеліктері
  2. АҚШ аумағының кеңеюі және қос партиялы жүйенің қалыптасуы.
  3. Қара құлдар қозғалысы
  4. АҚШ Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөлінуінің себептері және олардың ерекшеліктері.
  5. Азамат соғысының басты мақсаты.
  6. Елді индустрияландырудың ерекшеліктері
  7. АҚШ-тың сыртқы саясаты, жаңа аумақтарды басып алуға талпынысы.

 

АҚШ президенттері тұсындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар

– Федерелистер партиясы

– Қаржы жүйесі, «Ұлттық банк»

– Біріңғай ақша

Дж. Вашингтон
– Жеке кәсіпорын

– Сауда жүйесі

– Қаржы жүйесі

– «Ұлттық банк»

А.гемильтон
– Ауыл шаруашылығы құлдыққа қарсы

– Демократияландыру

– Экономикалық-әлеуметтік қорғау құндылығы

Т.Джефферсон
– Демократиялық партияны қолдау

– Әлеуметтік-экономикалық әрекеттестіктің күшеюіне қарсы болды.

Э.Джексон
– Вигилер партиясын жақтаған Оңтүстіктегілермен ымыраға келдіУ.Гаррисон
– Аграрлы мәселелер қара құлдарды азат етті

– Жұмысшы партиясын құрды

А.Линкольн
– Плантаторларға азаматтық саяси және жеке меншікке ие болу құқығы қайтарылды

– рақымшылық

Э.Джексон

 

ІҮ. Сабақты бекіту:

  1. Скваттерлік дегеніміз не?
  2. «Жоғары көтерілу мүмкіншілігі» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?
  3. АҚШ Луизианаға қашан және қалай ие болды?
  4. Аболиционистер деген кімдер?
  5. 1861 жылы республикалық партияға кім жетекші болды?
  6. Азамат соғысы кезіндегі Оңтүстік және Солтүстік күштерін салыстырыңдар. Күресушіжақтардың қандай ерекшеліктері болды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§21.