Сабақтың тақырыбы: § 24. Жапония Жапониядағы капитализмнің дамуы./2 саға

8-сынып.  Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 24. Жапония Жапониядағы капитализмнің дамуы./2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • ХІХ ғасырдағы Жапонияның экономикалық жағдайы мен Токугава сегундарының билігі кезінде дағдарыстар болғанын, Жапония қоғамында капитализмнің баяу дами бастағандығын әңгімелеу.
  • Жапониядағы Мэйдзи төңкерісі және реформалар біртұтас ұлттық мемлекет құруға жағдайлар жасағандығын айта келіп, жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде мемлекет құрылымының өзгерісінің мәнін түсіндіру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Цин империясында императордың жеке басы қалай дәріптелді?
  • Ағылшындардың Қытаймен жүргізген соғыстары неліктен «апиын соғыстары» деп аталды?
  • Тяньцзинь келісімдеріне Қытаймен қандай мемлекеттер қол қойды?
  • Тайпиндер соғысының жеңілу себептері?
  • «Өзін-өзі күшейту саясатын» кімдер жүргізді, ол немен аяқталды?
  • Реформаның «жүз күні» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Сунь Ятсеннің қызметі және оның құрған саяси ұйымы туралы айтыңдар
  • Ихетундар кімдерге қарсы шықты?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХІХ ғасырда Жапонияның экономикалық жағдайы және Токугава сегунатының саяси дағдарысы
  2. Еуропалықтардың Жапонияны ашуы
  3. Жапониядағы Мэйдзи төңкерісі және жүргізілген реформалар.
  4. Жапониядағы капитализмнің дамуы.
  5. Жапония Азиядағы бірден-бір ХХ ғасырдың басындағы отарлаушы ел.
  6. Қорытынды

ХІХ ғасырдағы Жапония экономикасы

КемшіліктерЖетістіктер
1.      Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырады

2.      Өңделетін жер көлемі азайды.

3.      Халық саны күрт төмендеді.

1.      Капитализм баяу болса да дами бастады

2.      Мануфактуралар көбейді (180 мыңнан астам)

3.      Ішкі сауда дамыды

4.      Қолөнер, сауда орталықтары өсті.

5.      Қалалар көбейді. (Эдо, Киота, Осако, Нагасаки, Сакаи, Хаката.)

6.      Ауыл шаруашылығында жаңа салалар қалыптасты (жібек, қағаз, қант, қыш, фосфор, тоқыма).

7.      Ішкі рынок қалыптасты

 

ІҮ. Сабақты бекіту:

 

Кестені толтыру

 

Жапониядағы Мэйдзи реформалары

Мемлекеттік құрылыстағы өзгерістерҚоғамдық қатынастардағы өзгерістерЭкономикалық қайта құруларБілімсаласындағы өзгерістер

 

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§24. Кестені аяқтау