Осман империясы «Жас түріктер» қозғалысы./2 сағат/
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 26. Осман империясы «Жас түріктер» қозғалысы./2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
- Осман империясының ХІХ-ХХ ғасырлардағы ішкі және сыртқы жағдайына сипаттама беріп, оның құлдырау себептерін ашып көрсету.
- Реформалық қозғалыстарға түсінік бергенде оның түркия тарихындағы маңызды кезең болғанын атап өту.
- «Жас түріктер» қозғалысын оқып-үйрену барысында оқушылар, ол түріктердің ұлттық қозғалысы болды деген қорытындыға келуі қажет
Сабақтың түрі:Дәріс
Әдісі:баяндау
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Үндістандағы ағылшын отаршылдары ХІХ ғасырда қандай қанау әдістерін қолданды?
- Сипайлар деген кімдер? 1857-1858 жылдардағы сипайлар көтерілісінің жеңілу себептерін атаңдар.
- «Свадеши», «свараджа» ұрандарының мәнін қалай түсінесіңдер?
- Үнді Ұлттық Конгресі қашан құрылды, оның мақсаты қандай болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Осман империясының жағдайы.
- Танзимат реформалары. Оның бірінші және екінші кезеңдері
- ХІХ ғасыр соңындағы Осман империясының құлдарауы мен отар елге айналуы
- «Жас түріктер» қозғалысы.
ІҮ. Сабақты бекіту:
- ХІХ-ХХ ғасырлардағы Осман империясының құлдырау себептерін атап көрсетіңдер.
- Танзимат реформалары деген не? Оның кезеңдерін атап беріңдер.
- «Жас османдар» идеясын қалай түсінесіңдер?
- «Шысыс мәселесі» қай кезде қайта шиеленісе бастады?
- Жас түріктер деген кімдер? Олар нені көздеді?
- Жас түріктер революциясы қай оқиғадан басталды?
- Батыс елдері Осман империясының «тұтастығына» қандай себептерге байланысты мүдделі болды?
- Осман империясы ХХ ғасырдың басында Германияға неліктен арқа сүйеді?
Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма:§26