Республика дәуіріндегі Рим
Ежелгі дүние тарихы
6 сынып
Тақырыбы:
«Республика дәуіріндегі Рим»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Рим мемлекетінде республикалық құрылыс орнауының тарихи алғышарттары мен маңыздылығы туралы және соғыстардың сипаты, себептері мен нәтижелері жөнінде, қоғамдағы әлеуметтік топтар туралы және олардың тыныс тіршілігі, мәртебелері жөнінде оқушыларға ғылыми түсінік беру.
Дамытушылық: Рим республикасының әлеуметтік саяси құрылысындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, әлеуметтік топтар арасындағы өзгешеліктерді өзге мемлекеттермен салыстырып, ажырата білу.
Тәрбиелік: Республикалық билеу формасын, халықтық билікті сипаттай отырып, оқушыларды әділеттілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі Рим картасы, оқулықта берілген суреттер, тірек сызбалар.
Қосымша материалдар:
Ежелгі дүние тарихы ІІ бөлім. Алматы 1978, Корабаев И.П. Ганнибал.- М.,1976, Ботвинников М.Н.Рабинович М.Б. Страносский Г.Жизнеописание знаменитых греков и римлян. — М., 1987.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу;
б) оқушыларды түгендеу;
в) назарларын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.( жазбаша, жекелей, тест тапсырмасы арқылы)
Тест сұрақтары
І. Ежелгі Македония қай жерге орналасқан?
а) Вавилонда
б) Римде
в) Балқан түбегінде
ІІ. Македония жерінде өмір сүрген тайпаларды ата?
а) гректер
б) фракийліктер
в) парсылар
ІІІ. Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері
а) Дарий
б) Перикл
в) ІІ Филипп
ІV. Македондықтардың әскери сап жүйесі қалай аталды?
а) фаланга
б) триба
в) курия
V.ІІ Филипптің маңызды істерінің бірі – ақша реформасы қай жылы жүзеге асты?
а) б.з.б. 382 ж
б) б.з.б. 356 ж
в) б.з.б. 334 ж
VI. Грек – македон әскерлері қай жылы Кіші Азия жеріне енді?
а) б.з.б. 382 ж
б) б.з.б. 356 ж
в) б.з.б. 334 ж
VII. Б.з.б.333 жылы парсылар мен македондықтар арасындағы шайқас қай жерде болды?
а) Исса қаласының түбінде
б) Граник өзенінің жағасы
в) Гавгамелы елді мекені түбінде
VIII.Александр Македонский Египетке қай жылы жорыққа шықты?
а) б.з.б. 382 ж
б) б.з.б. 356 ж
в) б.з.б. 332 ж
IX. Александр Македонский қай жылы Үндістанның солтүстік бөлігін жаулап алды?
а) б.з.б. 382 ж
б) б.з.б. 328 ж
в) б.з.б. 332 ж
X. Б.з.б. 325 жылы Александр Македонский қай қаланы астана деп жариялады?
а) Вавилон
б) Александрия
в) Библ
Дұрыс жауабы:
1-в, 2-б, 3-в, 4-а, 5-б, 6-в, 7-а, 8-в, 9-б, 10-а
ІІІ.Үй тапсырмасын дұрыс жауап парағы арқылы тексеріп, қорытындылау.
IV.Жаңа сабақ
Жаңа сабақ жоспары:
1. Рим республикасындағы басқару ұйымдары.
2.Римнің жаулаушылық соғыстары.
3.Қоғамдық — әлеуметтік топтар.
Класы: 6 «Д»
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдер.
Пәні: Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Грек мектептері, ғылым білімдері және тарихшылары мен философтары туралы түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Оқушының қызығушылығын, ізденісін, логикалық, тапқырлық, танымдық ойлау дәрежесін дамыту.
б) Тәрбиелік: Әрбір баланың өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуына ерік беру, олардың болашақта білімді де өнерлі азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Сілтемелер, бағалау парақтары, бағалау фишкалары, суреттер, ақ парақ, бояу қаламдар
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, сурет.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабақ
4.Бекіту бөлімі
5.Үйге тапсырма
6.Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасымен жұмыс.
- «Тірек-белгілер» оқыта үйрету ойыны.
Шарты: Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа тақырып-мәтін беріледі. Мәтінді мұқият оқып, сөздерді қолданбастан тірек-сызба түрінде конспектілейді. Конспектіде сөздер немесе сөйлемдер болмауы тиіс. Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен беріледі. Тапсырмаларды кезекпен көрсетіп, түсіндіреді. Басқа топ оқушыларды тапсырманың тақырыпқа сай болуын, мазмұндылығын, әсемдігін, шығармашылық тұрғыдан келуін, тірек-сызбаны қорғауын бағалайды. Бағалау парағымен бағаланады.
- «Даналық ағашы» ойыны.
Шарты: Берілген мәтін бойынша сұрақ құрап қағазға жазады. Сонан соң ағашқа апарып жапсырады. Екінші топ барып сұрақтарды алып оқып, жауап береді. Фишкалар арқылы сұрақ пен жауап бағаланады.
Жаңа сабақ:
Жоспары:
1.Грек мектептері.
2.Ғылыми білімдер.
3.Грек тарихшылары мен философтары
4.Грек мәдениеті.
1-кесте.
Ежелгі грек мектептері үш басқышты болған
|
|
|
Оларда көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Мектептерде тек қана ер балалар білім алған. Қыз балаларға арналған мектептер болмаған. Оларды үйге анасы тәрбиелеген. Мектептерде тек қана ер балалар білім алған. Қыз балаларға арналған мектептер болмаған. Оларды үйде анасы тәрбиелеген.
2-кесте.
Ғылымдар | Қандай ғылым саласында жаңалық ашқан |
1.Гомер | Әдебиетші, саясаттанушы |
2.Гесиод | Әдебиетші |
3.Пифагор | Математика білімінің дамуына үлес қосқан. |
4.Фалес | Математика саласын дамытушы |
5.Гиппократ | Медицина ғылымын зерттеуші |
6.Геродот | Тарих саласының негізін қалаған. |
7.Аристотель | Философия ғылымының |
8.Демокрит | Философ, физика, математик, музыкант |
9.Эмпедокы | Органикалық заттардың шығуы туралы зерттеп, дәлелдеген. |
3-кесте.
Ғылымдар | Еңбектері |
Гомер | «Илиада» және «Одиссея» |
Пристотель | Саясат |
Гиппократ | Анты |
Геродот | Тарих |
4-кесте.
Термин сөздер:
Гимнасия – Ежелгі Грек мектебінің үшінші баспалдағы. Стиль – әріптерді салуға арналған ұщы үшкір темір біз. Палестра – спорттық мектеп. |
- «Рөлдік оқыта үйрену ойыны»
Шарты: Оқушылар 4 топқа бөлінеді («Сенім», «Өкіл», «Таңдау», «Бәрі») әр топқа тапсырмалар беріледі. Дайындалуға 5-7 минут уақыт беріледі. Дайындық уақыты аяқталған соң, әр топ жетекшілері мұғалімнің ролдер жазылған карточкаларды алады. Топқа «Сенім» ролі түссе, мұғалім бұл топқа сенім артады. Топқа «Өкіл» ролі түссе, онда топ мүшелері ортадан өкіл сайлайды. Топқа таңдау ролі түссе, мұғалім топ ішінен сабақ сұрайтын оқушыны өзі таңдайды. Ал топқа «Бәрі» ролі түссе, онда әрбір топ мүшесі жеке-жеке жауап береді.
- «Сынақ хат» меңгерту ойыны.
Шарты: Топ оқушыларына тақырыпқа сәйкес жазылған «Тарихи сынақ хат» таратылады. Бос тұрған орынға тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырады. Жазып болған соң топтар бір-бірін тексереді. Топтар бағаланады.
- «Домино» бекіту ойыны.
Шарты: Бір-біріне ұқсас сөздерді жазып, оны домино сияқты етіп қиып, оқушылардың алдына тастайды. Оқушылар топтасып сөздерді құрастырады. Мұғалім соңынан жауабын тексеріп, бағалайды.
Венн диаграммасы
Грек мектебі Қазіргі мектеп
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма: №24 Ежелгі Грек мектебі мен ғылыми білімдері. Венн диаграммасын құру. Ғұлама ғалымдары мен оның еңбектері туралы ізденіп келу.
Сыныбы: 6а Пәні: Ежелгі дүние тарихы (Эссе жазу)