Үндістан

8-сынып.  Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 25. Үндістан

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Үндістан қоғамындағы өзгерістер/2 сағат/

Сабақтың мақсаты:

  • Ағылшындардың Үндістандағы отарлық қанау әдістері мен онің зардаптарын ашып көрсету. Отаршылдық қанау мен ұлттық езгіге қарсы бағытталған халық көтерілістері туралы және әртүрлі қоғамдық топтардың көзқарасы ұлт-азаттық қозғалыстың  қалыптасуына негіз болғанын нақты деректермен түсіндіру.
  • ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысқа тоқталғанда Үнді Ұлттық Конгресіне сипаттама беріп, «свадеши» және «свараджа» ұрандарының мәнін ашу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Жапония»

Жапониядағы Мэйдзи реформалары?

Мемлекеттік құрылыстағы өзгерістерҚоғамдық қатынастардағы өзгерістерЭкономикалық қайта құруларБілімсаласындағы өзгерістер

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Үндістанды отарлаудың аяқталуы. Үнді халқын ағылшын отаршылдарының қанау әдістері
  2. 1857-1859 жылдары Үндістандағы ұлт-азаттық көтеріліс
  3. ХІХ ғсырдың екінші жартысындағы Үндістан қоғамындағы өзгерістер
  4. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс
  5. ХХ ғасырдың басындағы Үндістан

 

Үнді қоғамындағы негізгі әлеуметтік топтардың жағдайы

Әлеуметтік топтарЖағдайы
Басып алғанға дейінОтарлық езгі кезінде
Князьдер,

байлар

Халықты шексіз биледіБір бөлігі өзінің байлығы мен билігінен айырылды, қалғандарына ағылшын үкіметінің толық бақылауы орнатылды
Шаруалар

 

Жерге мұрагерлік құқығын иеленді. Деревняда қауым сақталдыЖерінен айырылды, қауым таратылды, салықпен тоналды, жаппай аштық, қырылу.
ҚолөнершілерҚолөнері табысқа жетті. Мануфактура пайда болды.Арзан фабрикалық тауарлардың  ағылуына байланысты үнді қолөнері тоқырауға ұшырады, миллиондаған тоқымашылар қайыршыланды.

 

ІҮ. Сабақты бекіту:

  1. Үндістандағы ағылшын отаршылдары ХІХ ғасырда қандай қанау әдістерін қолданды?
  2. Сипайлар деген кімдер? 1857-1858 жылдардағы сипайлар көтерілісінің жеңілу себептерін атаңдар.
  3. «Свадеши», «свараджа» ұрандарының мәнін қалай түсінесіңдер?
  4. Үнді Ұлттық Конгресі қашан құрылды, оның мақсаты қандай болды?
  5. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Үндістанда өнеркәсіп төңкерісі болғанының дәлелі қайсы?

Сипайлар көтерілісі

Көтеріліс сипаттарыКөтерілісшілер мақсаттарыНегізгі оқиғаларЖеңілу себептеріНәтижесі мен мәні

 

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§25