Араб елдері Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар /2 сағат/
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 28. Араб елдері Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
- ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы араб елдерінің жағдайына сипаттама бере отырып, Түрік империясының отарлық езгісі мен түрік-араб феодалдарының қанауынан зардап шеккен араб халқы Еуропаның империалистік қаржылық қанауына ұшырап, жартылай отарға айналғанын ашып көрсету.
- Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың сипатын және қозғаушы күштерін түсіндіріп, оның ұлттық сана-сезімнің қалыптасуындағы орнын нақты деректермен көрсету.
- Араб елдерінің әрқайсысының феодалдық езгі және түріктердің билігінен құтылу жолындағы күресі мен ХІХ ғасыр ішіндегі Батыс елдерінің озбырлығына тойтарыс берудегі күресінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1848-1852 жылдардағы Ирандағы бабшылдар көтерілісі
Көтерілістің қозғаушы күштері | Көтеріліс жүргізілген аймақ | Көтерілісшілердің мақсаты | Көтерілістің жеңілу себептері |
- ХІХ ғасырдың басындағы орыс-иран соғыстарының себептері қандай болды?
- Бабшылдар деген кімдер?
- Иранның жартылай отар елге айналуын қандай мысалдармен көрсетуге болады?
- Иран революциясының мақсаты қандай болды?
- Бірінші мәжіліс қай жылы шығарылды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- ХІХ ғасырдың соңғы кезіндегі араб елдірінің жағдайы
- Мысыр елі.
- Араби паша көтерілісі және ағылшындардың Мысырды басып алуы
- Басқа араб елдерінің жағдайы
- Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар. Араб Ұлттық сана-сезімінің қалыптасуы
ІҮ. Сабақты бекіту:
- Араб елдірінің ХІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы жағдайларына сипаттама беріңдер
- Қандай елдерде жаңа қатынастар дамыды?
- Ол неге байланысты еді?
- Еуропа елдерінің арабтарды жаулауы туралы оқулықтар мен қосымша әдебиеттерден оқып танысыңдар
- Мысырды қолға түсіру үшін Англия қандай әрекеттер жасады? Араби паша көтерілісі неге жеңіліс тапты?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§28. «ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басындағы араб елдірінің ұлт-азаттық күресі» деген тақырыпта кесте құру.