Мәдениеттің дамуы.
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 30. Мәдениеттің дамуы.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға мәдениет дамуының экономикадағы, саясаттағы және әлеуметтік өмірдегі болып жатқан процестермен өзара байланыстылығын ашып көрсету.
- ХІХ-ХХ ғасырдарда ғылым жаңалықтары және өнер мен әдебиеттің дамуындағы жетістіктерді меңгерту:
- Аса маңызды дүниежүзілік мәдениет жетістіктеріне деген оқушылардың қызығушылығын тудыру және арттыру;
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:баяндау
Көрнекілігі:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Англия мен Франция арасындағы бақталастық күрес ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қай құрлықта шиеленісе түсті?
- Қиыр Шығысты қай ел басқыншылық саясатқа көшіп, көрші елдерге көз аларта бастады?
- Сан-Стефано келісімі бойынша қандай елдер өз тәуелсіздігіне қол жеткізді?
- 1907 жылғы ағылшын-орыс келісімі бойынша қандай мәселелер шешілді?
- Антанта одағы қашан құрылды?
- Балқан халықтарының бірігуіне қандай оқиғалар себеп болды?
- 1913 жылғы Балқан соғысының салдары қандай болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- Ғылым мен техника
- Әдебиет пен өнер
- Музыка
Композиторлар | Шығармалдар | Мазмұны |
ІҮ. Сабақты бекіту:
- Дүниежүзілік музыка мәдениетінің қорын байытқан сазгер Иоганн Себестьян Бах шығармаларының ерекшелігі неде?
- Музыкант Франц Шуберт өзінің әндерін, әсіресе қайсы ақын-жазушылардың сөздеріне жазған?
- Неліктен Фридерик Шопенді «Мазурка королі» деп атаған?
- Қайсы композитордың шығармасы ғұндардың Италияға басып кіруі туралы?
- Музыканың зайырлы өнерге айналуы қандай данышпан композитордың есімімен байланысты?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§30. Параграф соңындағы сұрақтарға жауап әзірлеу. Кестені толтыру.
Медицина | Химия | Физика | Микробиология |