8-сынып. Дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты:
- Бір жылғы өткен материалдарды қайталата, пысықтата отырып, білімді, білгір, адамгершілігі мол шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Қайталау
Әдісі: сұрақ-жауап, нтерактивті
Көрнекілігі:карта, сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Англия мен Франция арасындағы бақталастық күрес ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қай құрлықта шиеленісе түсті?
- Қиыр Шығысты қай ел басқыншылық саясатқа көшіп, көрші елдерге көз аларта бастады?
- Сан-Стефано келісімі бойынша қандай елдер өз тәуелсіздігіне қол жеткізді?
- 1907 жылғы ағылшын-орыс келісімі бойынша қандай мәселелер шешілді?
- Антанта одағы қашан құрылды?
- Балқан халықтарының бірігуіне қандай оқиғалар себеп болды?
- 1913 жылғы Балқан соғысының салдары қандай болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы
- ХҮІІІ ғасырдағы дүние жүзі. Ағартушылық ғасыры
- ХҮІІІ ғасырдағы Солтүстік Америка
- Француз буржуазиялық революциясы
- ХҮІІІ ғасырдағы Ресей
- Үндістан
- Осман империясы
- Қытай
- Жоңғар хандығы
- Жапония
- Иран
- Араб елдері
- Азия және Африка елдерін отарлау
- ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы мәдениет пен ғылым
- Англия
- ХІХ ғасырдың ортасындағы Англияның саяси-экономикалық құрылысы
- І Наполеон кезіндегі Франция
- ХІХ ғасырдағы Франция
- Германия мен Италия
- Ресей
- Америка Құрама Штаттары
- Латын Америкасы
- Қытай
ІҮ. Сабақты бекіту:
- «Ия-жоқ»
- «Венн диаграммасы»
- «Мұны әркім білуі тиіс»
- «Эрудит»
Ү. Бағалау: Жылдық қорытынды бағаларын шығару
ҮІ. Үйге тапсырма:Қайталау