Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы

Сабақтың мақсаты:

  • Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі, Франк мемлекетінің құрылуы, олардың мемлекеттіңк құрылымы туралы оқушыларға баяндау.
  • Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:  карта суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Өткен жылға материалдарды қайталау.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі.
  2. ІҮ-Ү ғасырлардағы ғұндар
  • Б.з.б. 50 жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударған. Ал ІҮ ғасырдың 70-жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта  «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.
  1. Франк мемлекетінің құрылуы.
  • Мемлекеттің негізін салушы салий франктерінің мереовей руынан шыққан көсемі Хлодвиг.«Сали ақиқаты»
  1. Мемлекетті басқару.
  • Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.
  1. Жер иелену
  2. Франктердің христиан дініне енуі.

Сабақты бекіту:

  • Рим империясының әлсіреуінің басты себебі неде?
  • Герман тайпаларын неліктен Рим жеріне басып кірді?
  • «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер басқарды?
  • Франктердегі жер иелену тәртібі қандай болды?
  • Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?
  • Құл иеленуші қоғам қашан жойылды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1.