Франктер империясының құрылуы және ыдырауы
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §2. Франктер империясының құрылуы және ыдырауы
Сабақтың мақсаты:
- Франктер мемлекетіндегі биліктің жаңа түрі-феодалдық монархияның қалыптасып, империяға айналып, кейін қайтадан ыдырау себептерін түсіндіру.
- Білімді, белсенді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Баяндау
Көрнекілік: карта, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Рим империясының құлауының басты себебі неде?
- Франк мемлекеті қашан құрылды?
- Француз тілінің негізін ежелгі қай халықтардың тілі құрады?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Майордом билігі
- «Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді.
- Карл мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс-феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.
- Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі.
- Ұлы Карл және оның империясы
- Империяның ыдырауы.
- Ұлы Карл өлгеннен кейін оның империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.
- Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті.
- Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.
Сабақты бекіту:
- Қортық Пипин король атағына қалай қол жеткізді?
- Ұлы Карл империясы қай жылдары өмір сүрді?
- Ұлы Карл империясы неліктен ыдырай бастады?
- Ұлы Карл мәдениетті дамытуға қандай үлес қосты?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §2.