5-10 ғасырлардағы арабтар
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы:§4. 5-10 ғасырлардағы арабтар
Мақсаты:
- Білімділік: 5-10 ғасырларда өмір сүрген араб феодалдық мемлекетінің құрылуы, саяси жүйесі, шаруашылығы және арабтардың бірігуі мен ислам дінінің таралуы туралы толық мағлұмат беру.
- Дамытушылық: Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып, оқушылардың білімділігін арттыру, дүниетанымын кеңейту, ойландыратын сұрақтар қою арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: Осы тақырыпты өте отырып, оқушыларды адамгершілікке, өткенге сыни тұрғыда талдау жасай алатын иманды, білімді, мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Интерактивті
Сабақтан күтілетін болжам: Оқушылар топтық әрекетте болжау, ой шақыру, семантикалық кесте, джиксо, ойын, тапсырмалары барысында бір-бірінің шығармашылық танымын арттыруға әрекеттесіп, жаңа білімді меңгереді, дүниетанымы кеңейеді.
Сабақтың көрнекілігі:
- 5-10 ғғ. Арабтардың саяси картасы,
- Слайд көріністері
- Әулие София храмының бейнесі
- 5-10 ғғ. Арабтардың саяси картасы
- Қағбаның бейнесі
- Жаңа терминдар
- Бейнематериал
- Бәдір соғысы
- Қажылық
Сабақтың барысы: І Кіріспе бөлім
- Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу
- Топқа бөлу
«Тарихты білмей-өткенді, қазіргі жағдайды білу,
келешекті болжау қиын»-деп әл Фараби айтқандай
Сіздердің ойларыңызша тарих деген не? /ой шақыру/
Біз орта ғасырлар тарихын өтіп жатырмыз.
Орта ғасырлар тарихы нешеге бөлінеді.
Біз қай кезеңін өтіп жатырмыз
Өткен сабақ: 5-10 ғғ. Византия империясы.
Шығыс пен Батысты жалғайтын алтын көпірге айналған бай, табиғаты тамаша, қуатты Византия империясы туралы мен сіздердің білідеріңізді тексеру үшін сіздерге семантикалық кесте таратпақпын. /1,5 минут уақыт беріледі/
Ғасырлардағы Византия империясы
/семантикалық кесте/
Жылдар | 1453 жыл | 527-565ж | 443-448ж | 395 жыл | 324 жыл | |
1 | Константин астананы Рим қаласынан Византияға қашан ауыстырды. | |||||
2 | Рим империясы қай жылы ресми түрде екіге бөлінді | |||||
3 | Юстинианның билік құрған кезеңін тап | |||||
4 | Византияға қай жылдары Ғұндар жорық жасады | |||||
5 | Константинопольді осман түріктері қашан басып алды. |
Слайдтан кестені қалай толтырғандарыңызды бақылаңыздар
Бетпе-бет студиясының қонағын анықтау мақсатымен мына сұрақ қойылады.
- Византия империясының астанасы Константинопльдің орнына қазір қандай қала орналасқан. /Стамбұл/
- Студия қонағы анықталған соң оқушыларға өткен сабақтан қояр сауалдарыңыз болса студиямызға қоңырау шалуларыңызға болады деп ескертіледі. Студиямыздың байланыс телефондары 32-32-32
«Оқу -адамды білімді болуға , әңгімелесу тапқырлыққа, естігенді жазып отыру, дәлдікке тәрбиелейді»-дейді ағылшын ойшылы Бэкон айтқандай, әңгімелесуге келіп отырған бүгінгі «Бетпе-бет» студиясының қонағы №32 орта мектептің жас тарихшысы ……………………………. қош келдіңіз.
Сізге қойылар алғашқы сұрақ?
- Византия империясының орнында қазір қандай мемлекет орналасқан? /Түркия/
— Студиямызға қоңырау шалынып жатыр.
— Сұрағыңызды қоя беріңіз
- Бұл мемлекетпен біздің байланысымыз қандай?
/олар біздің туысқанымыз, 9-11 ғғ. Қазақстан жерінде өмір сүрген оғыз мемлекетінің ұрпағы, Түріктердің қара шаңырағы Қазақстан./
- Түркия өзінің оңтүстігінде қай елдермен шектеседі.?
/Араб елдерімен/ рахмет!
Бүгін біздің студияда қонақта болған …
Балалар, түркия өзінің оңтүстігінде араб елдерімен шекетседі екен. Арабтар туралы не білеміз және не айтқымыз келеді?
Мыс:
- басына ақ орамал тағып жүретін ел.
- Мұсылмандар
Жаңа сабаққа көшу
Балалар слайдқа назар аударыңыздар. Сіздерге ұсынылып отырған мына терминдерді болжап көрелік?
- Мекке
- Халиф
- Құм
бұл сөздерді неліктен ұсынып отырмын.
- Әңгіме төркіні не туралы болмақ
- Қандай мағыналар береді.
Сіздердің бірінші болжауларыңыз ақталды.
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы.
«5-10 ғасырлардағы арабтар»
Жаңа сабақтың жоспарымен танысыңыздар:
Жоспарды таныстырмас бұрын үш топқа ат қойып алайық.
Мекке, Халиф, Кордова
- Ежелгі арабтардың қоныстанған жері мен шаруашылығы, 6-7 ғасырлардағы арабтардың бірігуі және ислам дінінің таралуы. /МЕККЕ/
- Араб халифатының құрылуы және феодалдық қатынастар./ХАЛИФ/
- Араб халифатының саяси басқару жүйесі. /КОРДОВА/
Сіздерге белгіленіп берілген материалды нақты түсіну үшін берілген бейнематериалға назар аударыңыздар.
- Берілген бейнематериал сіздердің тақырыптарыңызға қатысы бар ма, жоқ па оны кейін пайымдай жатарсыздар
/Материалды игеруге сіздерге 2 минут уақыт беріледі./
Слайдта картаның бейнесі тұрады.
- МЕККЕ ТОБЫНЫҢ ЖАУАБЫ
- Араб түбегінің жер көлемі-3 млн ш/ш
- Жерінің көбін құм басып жатыр, сусыз жерде адам тұруға қолайсыз.
- Түбекті ежелден арабтар қоныстанады
- Мал және егін шаруашылығымен айналысады.
- Қолөнер мен саудасы дамыған қалалары-
- Неджран
- Мекке
- Таиф
Арабияда феодалдық күштер дамып, мүлік теңсіздігі тереңдеді, сондай-ақ жаңа жерлерді жаулап алу ірі мемлекет құруға негіз болды. Арабтарды біріктіру идеясын уағыздау кең етек алды. Ислам идеясын таратушы МҰХАММЕД Пайғамбар (570-632) Меккеде туып өскен.
Мұхаммед пайғамбардың діни уағыздарына қарсы болған Мекке қаласының билеушілері қасиетті Қағбаны басып алып, Пайғамбардың қаладан кетуін талап етті. Мекке қаласында өзіне қолдау таппағаннан кейін Мұхаммед пайғамбар Арабияның екінші қаласы Ясрибке (Қазіргі Мекке) барып паналауға мәжбүр болды. Сол жерде Медине халқынан қолдау тауып, Меккеге қарсы жорыққа дайындалады. Осы жорықта жорыққа жеткен Мұхаммед Меккені ислам дінінің орталығы деп жариялайды.
Ал Қағба әрбір мұсылманның Аллаһтың алдында шамасы жетсе, дәулетті болса өмірінде 1 рет парызын өтейтін қасиетті орынға айналды
- ХАЛИФ ТОБЫНЫҢ ЖАУАБЫ
Мекке қаласын бағындырған Мұхаммед тек дінді ғана уағыздап қоймай, мұсылман мемлекеті билігін өз қолына алды. Ел басшысы бола отырып, елді басқару үшін өзінің айналасына діни кеңесшілерді жинап, ақылдасып отырды.
- Елдің билігі қасиетті ҚҰРАН шариғаттары арқылы жүргізілді.
- ЖЕКЕ МЕНШІК мұра ретінде сақталды.
- Ер адам әйел адамнан жоғары бағаланды. /әйелдің беделі жоғарылайды./
- Қолға түскен ұрының қолы не саусағы кесілді. /3 рет ескертуден кейін/
- Жер мемлекетке, Аллаға адал қызмет атқарғанадамдарға берілді. Және олардан ҰШЫРсалығы жиналып тұрды.
- Малшылардан ЗЕКЕТ алынды
610 жылдар шамасынан 632-33 жылдарға дейінМұхаммед (с.ғ.с.) ислам мемлекетін құрды.
Пайғамбар өлгеннен кейін оның ізбасарларына ХАЛИФ (пайғамбар ізін жалғастырушы , жолын қуушы) деген атақ берілді.
Сөйтіп араб халифаты деген ірі мемлекетті Мұхаммедтің серіктері
- ӘБУ БӘКІР р.ғ.
- Омар ибн Хаттаб
- Осман ибн Аффан
- Әли ибн Абу Талиб
Араб халифаты
- Иран, Сирия, Иордан, Армения, Египет, Вавилон жерлерін,
- 648 жылы Солт.Африкадағы Ливияны,
- 711-718 жылдары Гибралтар бұғазы арқылы Пиренецй түбегіндегі Испанияны жаулап алып, Франция жеріне дейін жетті.
Шығыста Араб халифаты
- Орта Азия жерін жаулап, Мерв қаласын халифаттың орталығына айналдырады.
- Сөйтіп, Үндістаннан Атлант мұхитына дейінгі жер Араб халифаты мемлекетіне бағындырылды.
- Араб халифаты жаулап алған жеріндегі барлық халықтарға ислам дінін таратты.
Араб халифатының басқару жүйесі.
Барлық бағындырылған жерлер мемлекет меншігіне айналдырылды және де ислам дінін қабылдады. Пайғамбарымыздың билігінен кейінгі 4 халифаттан кейін арабия әлемінде үлкен-үлкен екі ОМЕЙЯ және АББАС деген әуеттер билік етті.
- Араб халифатының саяси басқару жүйесі
Омейя әулеті.
- 661-750 жылдары өмір сүрді.
- Жері жағынан ең көбі, үлкені болды.
- О.әулеті 5 жергілікті басқару аймағына бөлінді.
- Әр аймақты әмір басқарды
- Әмірдің 2 орынбасары. Бірі салық жинау мен қаржы мәселесімен айналысса, екіншісі діни істермен айналысатын болды.
- О.әулеті қоғамдық мекемелер мен мешіттер салуға көптеп көңіл бөлді. Сауда мен қолөнер дамыды.
- Ұзаққа созылған бақталастықтан Омейя әулеті 750 жылы Әбу Мүслім бастаған көтерілісшілердің кесірінен құлап оның орнына Аббас әулеті билігін оргнатты.
Аббас әулеті
- 750-1258 жж.
- Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы Аббастан тарадық дейтін әулет үстемдік еткен 100 жылда халифаттағы феодалдық қатынастар күшейіп, сауда өрістеді.
- Халифат Азия, Африка, Еуропа құрлықтарын қамтыған әлемдік державаға айналды.
- Бұл құрлықтағы халықтардың өздеріне тән тарихи, мәдени, діни ерекшеліктері болды.
- Әртүрлі тілде сөйлеп, өз салт-дәстүрлерін ұстанды.
8-10 ғғ. Халифат бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Олардың ішінде ірілері
- Бағдат халифаты 750-1258,
- Фатимилер халифаты 909-1071,
- Кордова халифаты 756-1031,
- Саманилер мемлекеті 875-999
1258 ж Шыңғысханның немересі ХУЛАГУ хан басқарған монғол әскері Бағдатты басып алды. Аббас әулетінің соңғы халифі МУСТАСИМ өлтірілді де, Араб халифаты мемлекет ретінде жойылды.
Жақсы балалар!
Бізге берілген бүтін тақырыпты бөлшектей отырып, қайта құрастырдық.
Енді көрілген бейне материалды пайымдап, айырмашылығын ажыратсақ.
Бірінші топтың игерген материалына қосымша
“Жаһилия дәуірі” туралы түсінік.
Хазіреті Омар р.л.ғ. Пайғамбарымыздан кейінгі сахабаларрдың бірі осы жаһил заманында адамдық қасиеттің төмендеп, надандықтың белең алғандығын былайша есіне түсіре отырып, екі нәрсе есіме түссе біріне жылағым келеді, екіншісіне ішек сілем қатып күлемін дейді
Жылайтыным-сол кезде ақымақтығымыз сондай, әйелдеріміз қыз туса тыжыранып, қыз баладан құтылғанша асығып, бейкүнә, мейірімге мұқтаж сәбилерді тірідей көметінбіз. Осы қылығымыз есіме түссе, жүрегім қан жылайды. /3 қыздан кейін /
- Күлетінім-пұтқа табынатын едік. Әрқайсысымыздың үйіміздің төрінде қолдан жасаған пұттарымыз тұратын. Соларға табынып, құрметтейтінбіз. Сапарға шыға қалсақ, пұттарымыздың бейнесін ұннан, құрмадан немесе халуадан жасап, өзімізбен бірге алып шығатынбыз. Жол ұзап, қарнымыз ашса, табынып, алдында құрдай жорғалаған жансыз халуа пұттардан кесіп алып жейтінбіз. Осыдан асқан күлкілі оқиға бар ма енді?
/ «Адамзаттың асыл тәжі» Д.ӨмірзаққызыАлматы,2003ж./
- Жаһил заманында заң деген болмады.
- Кімнің ұлы көп болса сол күшті болып, билік сонда болды.
- Қыз баланы адам құрлы көрмеді.
- Қызы көп болса билік кетеді деп ойлады.
- Қыз бала тамаққа ортақтасады деген ниетпен туыла салысымен көзін құртуға асығатын болды.
Адам баласының тарихында діннің алатын орны ерекше.
Дін бүгінге дейін әрбір адамның бойындағы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға қалай әсер етсе, бұдан былай да дәл солай әсер ететін болады.
Дүние жүзіндегі беделді біндерді бірі, жер шарындағы халықтардың бестен бірі ( 5/1) сенетін ислам дінінің үлкен тарихы бар
— Мекке қаласының шет жағындағы Қағбадан 300 метрдей жердегі Абдуллаһ деген кісінің шаңырағында 571 жылы болашақ пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келеді.
Мұхаммедке (с.ғ.с.) 40 жасында пайғамбарлық келіп, өзін Аллаһтың елшісі екенін жариялап, жаңа ислам дінінің негізін қалайды
Мұхаммедке (с.ғ.с.) Аллаһ Тағаладан Жебірейіл періште арқылы бүкіл адамзатқа тура жолды көрсетуші,Құран Кәрім 23 жыл бойы түсірілді. /610-632/
Онда 114 сүре, 6666 аят бар.
Екінші топтың игерген материалына қосымша
Мекке қласын бағындырған Мұхаммед тек дінді ғана уағыздап қоймай, мұсылман мемлекеті билігін өз қолына алды. Ел басшысы бола отырып, елді басқару үшін өзінің айналасына діни кеңесшілерді жинап, ақылдасып отырды.
Елдің билігі қасиетті ҚҰРАН шариғаттары арқылы жүргізілді.
ЖЕКЕ МЕНШІК мұра ретінде сақталды.
Қолға түскен ұрының қолы не саусағы кесілді. /3 рет ескертуден кейін. /
Жер мемлекетке, Аллаға адал қызмет атқарғанадамдарға берілді. /ол ихта деп аталды/. Және олардан Ұшыр салығы жиналып тұрды.
Малшылардан ЗЕКЕТ алынды
Бүгінгі сабағымыздың қорытындысында мен сіздермен жаңа жоба «Миллион дискі кімге бұйырады » деген ойын ойнатпақпын. Алты нөлі жоқ миллион дискіні қойылған сұрақтарға ең көп жауап берген оқушы алады.
/арабша өлеңдердің дискісі/
- Арабтар қандай дінді ұстанып дамытып отыр?
- Құран Кәрім қай тілде түскен?
- Арабтар мен қазақстардың ортақ қасиетін тап.
- Жаһилиет дәуірі қай ғасырларға дейін өмір сүрді
- 711-718 жж. Арабтар қай елді жаулап алып, қандай мемлекет құрды?
- Омейя әулетінің билік еткен кезеңі? /661-750/
- Аббас әулетінің билік еткен кезеңі? /7501258/
- Омейя әулеті неше жергілікті басқару аймағына бөлінді?
- Әмірдің екі орынбасарлары қандай істермен айналысты?
- Аббас әулетінің ең соңғы халифі кім?
- Өткен аптада Президентіміз араб мемлекеттерінің қайсысында ресми сапармен болып қайтты.
/Катар мен Египет/
- Катар ең кіші мемлекет, халқы млн-ға да жетпейді
- Египет халқы жағынан ең үлкен дамыған мемлекет.
/пирамида, Бейбарыс атамыз 17 жыл билеген/
Жаңа термин сөздер
- Ұшыр- Өнім түсімінен берілетін салық
- Жаһилия- надандық
- Халиф-Мұхаммед Пайғамбар өлгеннен кейін арабтар мемлекетінің басшысы болған оның орынбасарлары.
- Халифат- Халифтер басқарған исламдық Араб мемлекеті, оның құрамына кірген елдер.
Сабақты бекіту.
- Бүгін біз 5-10 ғасырлардағы арабтардың тарихын таныдық.
- Жалпы алғанда арабтар ислам әлемінің орталығы екендігімен, мұнайымен, мәдениеттілігімен, өркениеттілігімен дүниежүзінде ерекшеленеді.
Мыс: араб елдерінің көбісінде түрме жоқ, ғалам проблемасына айналып отырған арақ, наркотик, СПИД, дегенді мүлдем білмейді.
Пайғамбарымыздан кейін 4 халиф /сахаба/өмір сүргендігін, одан кейін үлкен-үлкен Омейя және Аббас әулеттерінің билігі туралы, 1258 жылы бұл әулеттің де билігі Шыңғыс ханның әскерлері
Үйге тапсырма: §4. Оқулықтағы карта бойынша контурлық картаға Араб халифатының жерін және жаулап алған жерлерін түсті бояулар арқылы түсіріп келу.
- Араб мемлекетінің дамуына үлес қосқан халифтардың тізімін жасау.
- Мұхаммед пайғамбардың өмірі, Мекке қаласы туралы әңгіме жазып келу.