Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар.
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §6. Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар.
Сабақтың мақсаты:
- Эфталит мемлекеті оардың шаруашылығы мен мәдениеті, мемлекеттің ыдырау себептері туралы айту;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Ислам діні қалай пайда болды?
- Оның негізін қалаушы туралы не білесіңдер?
- Араб саудагерлері дүние жүзіне қалай белгілі болды?
- Қанай араб ақындарын, олардың қандай туындыларын білесіңдер?
- Ең ірі кітапхана қай қалада болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Эфталит мемлекеті
- Шаруашылығы мен мәдениетінің дамуы
- Эфталит мемлекетінің ыдырауы
Эфталит мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Патриархтық қатынас үстем болды | |||
Бақташылар жылқы мен қой өсірген | Құлеңбегі кеңінен пайдаланылды | ||
Сауда | Ірі жер иелері | Қауымдық жер | |
Сабақты бекіту:
- Эфталит мемлекетінің жерін картадан көрсетіңдер.
- Эфталиттер мемлекеті қашан құрылды?
- Эфталит тайпаларының шаруашылығы қандай болды?
- Эфталит мемлекетінің ежелгі мәдениетінен қандай белгілер сақталған?
- Түріктер мен ирандықтар Эфталит мемлекетін қай жылдары неліктен жаулап алды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §6.