Монғол-татар шапқыншылығы
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §36. Монғол-татар шапқыншылығы
Сабақтың мақсаты:
- Монғол мемлекетінің құрылуынан Бату ханның билігіне дейінгі кезеңді толығымен түсіндіру;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті, фильм тамашалар
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба, «Монғол» фильмін тамашалату.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Феодалдық бытыраңқылық дегеніміз не?
- Киев Русі мемлекеті қанша кінәздіктерге бөлінді?
- Ұлы Новгород кінәздігінде сауда ісі қалай дамыды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Монғол мемлекетінің құрылуы
- Монғол мемлекетінің саяси құрылымы
- «Яса»
- Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы.
- «Монғол», «Шыңғысхан» фильмдерінен үзінді көрсету.
Сабақты бекіту:
- Шыңғысхан империясының құрылуының алғышарттары қандай болды?
- Монғол тайпаларының қонысы, олардың шаруашылығы мен кәсібі туралы айтып беріңдер.
- Шыңғысханның қазақ даласына шабуылы қашан басталды, оның себебі неде? Отырар қаласын қорғаудағы халық ерлігі, Отырар қаласы туралы не білесіңдер?
- Монғол-татар әскерлерінің Орта Азия мен Кавказды жаулап алуы туралы не білесіңдер?
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 36. «Шыңғысхан» атты тақырыпта эссе жазып келу.