Орыс жері монғол-татар шапқыншылығы қарсаңында
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §35. Орыс жері монғол-татар шапқыншылығы қарсаңында
Сабақтың мақсаты:
- Феодалдық бытыраңқылық,Владимир-Суздаль, галич-Волынь, Ұлы Новгород кінәздіктері туралы түсінік беру;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Египетті арабтар қай жылдары басып алды?
- Мәмлүктер деген кімдер? Олар өкімет билігіне қай жылы ие болды?
- Аксум мемлекетінің қоғамдық құрылысы қандай болды?
- Мали мемлекетіндегі қоғамдық сатының ерекшелігі қандай?
- Сонгай мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс туралы айтып беріңдер.
- Орта ғасырда Африка елдірі мәдениетінің дамып жетілуіне қай ел игілікті ықпалын тигізді.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Феодалдық бытыраңқылық
- Юрий Долгорукий (1125-1157)-Владимир-Суздаль кінәзі. Ол көршілеріне шабуыл жасап, кінәздік жерін кеңейтіп отырды. Еділ-Кама өзенінің аралығын, Рязань мен Муров жерін өзіне бағындырды.
- Владимир-Суздаль кінәздігі
- Ұдайы болған ішкі қырқысулар, шетел шапқыншылығы, әсіресе венгр және поляк феодалдалдарының әлсін-әлсін баса көктеп енуі Галич-Волынь кінәздігін әлсіретті.
- Галич-Волынь жері
- Ұлы Новгород кінәздігі
Сабақты бекіту:
- Феодалдық бытыраңқылық дегеніміз не?
- Киев Русі мемлекеті қанша кінәздіктерге бөлінді?
- Ұлы Новгород кінәздігінде сауда ісі қалай дамыды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 35. Контурлық картаға Киев Русі ыдырағаннан кейінгі орыс кінәздіктерінің шекарасын сызыңдар. Кінәздіктің астанасы және негізгі сауда орталықтарын белгілеңдер.