Батудың орыс жеріне жорығы
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §37. Батудың орыс жеріне жорығы
Сабақтың мақсаты:
- 1236-1242 жылдары жүргізілген шығысқа жорығынан кейінгі құрған Батудың Алтын Орда мемлекеті туралы толық мағлұмат беру;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Шыңғысхан империясының құрылуының алғышарттары қандай болды?
- Монғол тайпаларының қонысы, олардың шаруашылығы мен кәсібі туралы айтып беріңдер.
- Шыңғысханның қазақ даласына шабуылы қашан басталды, оның себебі неде? Отырар қаласын қорғаудағы халық ерлігі, Отырар қаласы туралы не білесіңдер?
- Монғол-татар әскерлерінің Орта Азия мен Кавказды жаулап алуы туралы не білесіңдер?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Батудың орыс жеріне жорығы
- Орыс кінәздіктерінің монғол-татар шапқыншылығына ұшырауы.
- Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
- Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет еді. Алтын Орда мемлекетінде өмір сүрген халықтардың даму дәрежесі әркелкі болды. Орыс жерінің халықтары Еділ алқабындағы отырқшы-егінші шаруашылықпен айналысты. Алтын Орданың қол астындағы түрік тілдес халықтар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды. Түрік тектес тайпалар құрамында қыпшақ, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ болды.
- Бату ханның Киевті алуы.
Сабақты бекіту:
- Бату ханның орыс жеріне жорығы қашан басталды? Бірінші қай кінәздіктің жері монғол-татар шапқыншылығына ұшырады?
- Владимир қаласы тұрғындарының ерлік күресі туралы айтып беріңдер
- Киев қаласын Бату қалай жаулап алды?
- Батудың Батыс Еуропа елдеріне жорығы қай жылдары болды? Қай елдерге шабуыл жасады.
- Алтын Орда мемлекеті қашан құрылды, саяси құрылы қандай болды? Ақ Орда, Көк Орда мемлекеттерінің билігі кімдердің қолында болды?
- Алтын Орданың Орыс жеріндегі билігі қанша уақытқа созылды?
Бағалау: Үйге тапсырма: § 37