Орыс жерінің мәскеу төңірегіне бірігуі

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы  24.04.2014.

Сабақтың тақырыбы: §43. Орыс жерінің мәскеу төңірегіне бірігуі

Сабақтың мақсаты:

  • ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Орыс жерінің экономикалық және саяси даму ерекшеліктері, орыс қоғамындағы феодалдық құрылыстың дамуы туралы оқушыларға егжей-тегжейлі түсіндіру;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Хорезмшах мемлекеті
  • Орта Азия қалалары
  • Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы ғылыми білімдердің дамуы
  • Монғол-татар шапқыншылығы
  • Батудың орыс жеріне жорығы
  • Еуропа мемлекеттерінің саяси экономикалық дамуы.
  • Ұлы географиялық ашулар

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Орыс жерінің экономикалық және саяси дамуы
  2. Қала және қолөнердің дамуы
  3. Саяси басқару жүйесі
  4. Мәскеу кінәздігінің күшеюі
  5. Алтын Орданың құлауы
  6. Куликова шайқасы

 

ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы орыс қоғамының феодалдық құрылымы

ФеодалдарКінәзБилеуші
БоярларІрі жер иелері
ПомещиктерӘскери қызметі үшін берілетін жер иесі
ШіркеуШіркеуге жер иеліктері мәңгілікке берілді

 

 

Шаруалар

ҚаралаМеллекеттік шаруалар
ҮйреншіктілеріФеодалдық жеріне ұзақ жылдар жұмыс істейтіндер
ҚарыздардарҚарызын өтеушілер
ЖартыкештерФеодалға түсімнің жартысын төлеушілер
КелімсектерБасқа феодалдан ауысып келгендер
Құны өтелгендерКінәздан сатып алынған шаруалар

Сабақты бекіту:

  • ХІҮ-ХҮ ғасырларда феодалдық жер иеліктері қалай аталды?
  • Шіркеу жер иеліктерінің күшею себептері неді?
  • Орыс жерінің саяси басқару жүйесі қандай болды?
  • Мәскеу жерінің күшею себептері неде?
  • Иван Калита орыс жерін біріктіруде қандай саясат ұстанды?
  • Вожа өзені бойындағы шайқастың маңызы неде?
  • Куликова даласындағы шайқас туралы айтып беріңдер
  • Алтын Орданың құлауына не себеп болды?

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: § 43.Тест шешу.