Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуы
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §44. Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуы
Сабақтың мақсаты:
- Көп ұлтты орыс мемлекетінің ІҮ Иван тұсындағы ішкі саясаты, шаруашылықтың күйзеліске ұшырау себептері туралы оқушыларға түсіндіру;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- ХІҮ-ХҮ ғасырларда феодалдық жер иеліктері қалай аталды?
- Шіркеу жер иеліктерінің күшею себептері неді?
- Орыс жерінің саяси басқару жүйесі қандай болды?
- Мәскеу жерінің күшею себептері неде?
- Иван Калита орыс жерін біріктіруде қандай саясат ұстанды?
- Вожа өзені бойындағы шайқастың маңызы неде?
- Куликова даласындағы шайқас туралы айтып беріңдер
- Алтын Орданың құлауына не себеп болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- ІІІ Василий Иванович тұсындағы орыс жері
- ІҮ Иван кезіндегі Ресей
- Опричнинаны арнаулы, сенімді адамдардан тұратын әскер жүргізді. Опричнина «опричь» сөзінен шыққан- «басқа, айрықша» деген мағынаны білдіреді. Ауыспалы мағынасы- «жүгенсіз кеткен рда.»
Сабақты бекіту:
- Орыс мемлекеті неге көп ұлтты мемлекет деп аталды?
- ІҮ Иванның ішкі саясатының мәнін қалай түсінесіңдер?
- Опричнина саясаты ІҮ Иванға неге қажет болды?
Бағалау: Үйге тапсырма: § 44.