Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің қалыптасуы.

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §46. Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Италиядағы қайта өрлеу мәдениетінің қалыптасуы, дүние жүзіне әйгілі суретшілердің өмірі мен еңбегін таныстыру;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХҮІІ ғасыр неліктен жаңа тарихи кезең деп аталды? Бұл кезең Ресей қоғамына қандай өзгерістер әкелді?
  • ХҮІІ ғасырда Ресейдің жер көлемі қалай кеңейтілді?
  • Ресейдің әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді неден көруге болады?
  • Аласапыран дәуірдің басталу себебі неде? Б.Годунов елде жүргізген саясатының сипаты қандай болды?
  • ХҮІІ ғасырда Ресейге қарсы шапқыншылық қалай басталды? Боярлар бүлігін қай елдің королі қолдады? Лжедмитрийлер кімдер еді?
  • Ресйдің саяси билігі кімдердің қолында болды?
  • К.Минин мен Д.Пожарскийдің шет ел басқыншылығына қарсы күресі туралы айтып беріңдер.
  • Романовтардың таққа отыруы қашан басталды? Романовтар әулеті Ресейді қанша жыл биледі?
  • ХҮІІ ғасырдағы орыс мәдениеті қалай дамыды, қандай ерекшеліктері болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

 

  1. Италия-қайта өркендеу орталығы
  2. Леонардо да Винчи
  3. Микеланджело
  4. РафаэльСанти

 

Сабақты бекіту:

  • Леонардо да Винчидің сурет өнеріндегі жаңалығы неден көрінеді? Оның «Моно Лиза» картинасы туралы айтып беріңдер.
  • Леонардо да Винчи қандай ғылыми жаңғалықтар мен өнертабыстарды алдын ала болжады?
  • Микеланджело өз шығармаларында адам бойындағы қандай қасиетті уағыздады?
  • Рафаэль Сантидің «Сикст мадоннасының» орта ғасырлар шеберлерінің икондарынан қандай айырмашылығы бар?
  • Үш ұлы шебер шығармашылығында қандай ортақ ұқсастық бар?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 46