Еуропа халықтарының ағарту ісі мен әдебиеті
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §48.Еуропа халықтарының ағарту ісі мен әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
- Ағарту ісі мен әдебиеттің дамуы туралы айту;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
«Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілері» кестесінің жауабы?
Ұлы суретшілер | Өмір сүргенкезеңі мен елі | Атақты туындылары | Сурет өнеріндегі жаңалықтары |
Леонардо да Винчи | |||
Микеланджело | |||
Рембранд | |||
Диего Веласкес | |||
Альбрехт Дюрер | |||
Рафаэль Санти |
Жаңа сабақтың жоспары:
- Томас Мор
- «Мемлекетті жақсы ұйымдастыру және жаңа Утопия аралы туралы алтын кітабы»
- Сервантес
- «Дон Кихот»
- Ф.Рабле
- «Гиппократтың афоризмдері», «Гаргантюа» мен Пантагрюэль
- Шекспир
- «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Ромео мен Джульетта»
Сабақты бекіту:
- Томас Мордың қөзқарасының қалыптасу себебін түсіндіріңдер? Қазақстанда ХҮ ғасырда Т.Мордың көзқарасына ұқсас ұжмақ жер іздеген қандай ойшыл болды?
- Рабле өз романында феодалдық дүниені қалай сынады?
- Шекспир шығармалары кейіпкрлерінің өзара байланысын түсіндіріңдер. Қазақтың қай жазушысы Шекспир шығармаларын қазақ тілінде аударды?
- Қиялшыл да күлдіргі Дон Кихот бейнесі несімен қымбат?
- ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы ұлы жазушылардың шығармашылығынан Қайта өркендеу мәдениетінің қандай ерекшеліктерін көруге болады?
Бағалау: Үйге тапсырма: § 48.