Ғылыми білімдердің дамуы
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §49. Ғылыми білімдердің дамуы
Сабақтың мақсаты:
- ХҮ ғасырдағы дүние жүзіне йгілі болған ғалымдармен, олардың еңбектерімен таныстыру;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Томас Мордың қөзқарасының қалыптасу себебін түсіндіріңдер? Қазақстанда ХҮ ғасырда Т.Мордың көзқарасына ұқсас ұжмақ жер іздеген қандай ойшыл болды?
- Рабле өз романында феодалдық дүниені қалай сынады?
- Шекспир шығармалары кейіпкрлерінің өзара байланысын түсіндіріңдер. Қазақтың қай жазушысы Шекспир шығармаларын қазақ тілінде аударды?
- Қиялшыл да күлдіргі Дон Кихот бейнесі несімен қымбат?
- ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы ұлы жазушылардың шығармашылығынан Қайта өркендеу мәдениетінің қандай ерекшеліктерін көруге болады?
Жаңа сабақтың жоспары:
«ККК»әдісі бойынша оқушыларды
- метематик
- суретші
- тарихшы
- географ етіп бөлу.
- Ғылымның дамуы
- Коперник Николай
- Бруно Джордано
- Галилео Галилей
Сабақты бекіту:
- ХҮ-ХҮІІ ғасырларда әлем құрылымы жөніндегі жаңа көзқарастар қалай пайда болды?
- Дүниенің құрылымы жөніндегі Птоломей мен Коперниктің пікірлерін салыстырыңдар. Коперниктің ғылыми жаңалығы несімен бағалы болды?
- Д.Бруно әлемнің құрылымы жөніндегі түсінікке қандай жаңалық енгізді?
- Коперник пен Бруноның көзқарасын Галилей қалай дәлелдеді және дамытты?
Бағалау:өзін-өзі
Үйге тапсырма: § 49. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтары. Әлемнің құрылымы туралы Николай Коперник, Г.Галилей, Д.Броно ілімдері жайлы реферат жазып келу.