Бірінші дүниежүзілік соғыс.
10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §4. Бірінші дүниежүзілік соғыс.
Сабақтың мақсаты:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау;
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
- Ұлттық рухы биік, бәскеге барынша қабілетті тұлға қалыптастыру
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі
- Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы
- Орыс-француз одағы
- Ағылшын-орыс қатынастары
- Балқан соғыстары
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы
- Марна шайқасы
- «Верден қырғыны»
- Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы.
Антанта | Үштік одақ |
1. Өндірістің соғыс жағдайына сай қайта құрылмауы. | 1. Килль каналы қызметінің жақсаруы. |
2. Францияның Бельгиямен екі арадағы шекерада бекінісінің болмауы. | 2. Неміс артиллериясының күш қуатының артуы. Крупп зауыттарында зеңбіректердің жаңа түрлерінің шығарылуы. |
3. Құрлықтағы әскердің әлсіздігі. | 3. Германияның «қауырт соғысқа» дайындалуы |
4. Әскери-теңіз флотының дайындығы едәуір жақсы болды. | 4. Неміс армиясының сан жағынан артықшылығы. Австрия-Венгрияның әскери қуатының артуы. |
Сабақты бекіту:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?
- Соғыстың қандай ірі шайқастарын білдіңдер?
- Германия неліктен «Шлиффен» жоспарын жүзеге асыра алмады?
- АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?
- Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде келісімге қол қою қашан және қай жерде болды?
- Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §4.