Версаль-Вашингтон жүйесі
10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §6. Версаль-Вашингтон жүйесі
Сабақтың мақсаты:
- Париж конференциясы,жеңіске жеткен елдер арасындағы қарама-қайшылықтар, Версаль бітімшарты,Ұлттар лигасының , сонымен қоса жаңа мемлекеттердің құрылуы, Түркия тәуелсіздігінің жариялануы туралы айта отырып, белсенділігі жоғары азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?
- Соғыстың қандай ірі шайқастарын білдіңдер?
- Германия неліктен «Шлиффен» жоспарын жүзеге асыра алмады?
- АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?
- Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Париж конференциясы
- Жеңіске жеткен елдер арасындағы қарама-қайшылықтар. Вильсонның «14 тармағы».
- Версаль бітімшартыҰлттар лигасы
- Чехословакия, Венгрия, Австрия,Серб, Хорват және Словен корольдігі, Польша, Финляндия, Литва, Латвия және Эстония, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан, Армения, Грузия.
- Түркия
- Араб елдері
- Вашингтон конференциясы
- Версаль-Вашингтон жүйесінің баянсыздығы
- Германия жағдайын жеңілдету.
Сабақты бекіту:
- 1919 жылы Париж конференциясы қандай негізгі міндеттер қойды?
- Вильсон «14 тармағының» мәнісі неде?
- Версаль-Вашингтон жүйесі деген не?
- Бейбіт келісімшартқа сәйкес Германия қандай жерлерінен айырылды?
- Австрия, Югославия, Чехословакия республикалары қалай пайда болды?
- Түрік Республикасы қашан құрылды?
- Версаль-Вашингтон жүйесі неліктен тиянақты болмады?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §6.