Оңтүстік — Шығыс Азия елдері

10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §18. Оңтүстік — Шығыс Азия елдері

Сабақтың мақсаты:

  • Оңтүстік – Шығыс Азия елдеріне шетел үстемдігін, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Үндіқытай елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістері туралы түсінік беру;
  • Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония мен Қытай қалай дамыды?
  • 20-30 жылдардағы Жапонияның сыртқы саясатын сипаттап беріңдер.
  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония мен Қытайда қандай оқиғалар орын алды?
  • 1925-1927 жылдардағы Қытай революцияның сипатын және оның ерекшеліктерін ашып көрсетіңдер.
  • 1921 жылғы Монғолиядағы Арат революциясының мәнін ашып беріңдер

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі шетел үстемдігі
  2. Ұлт –азаттық күрестің дамуы.
  3. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Үндіқытай елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер.

Сабақты бекіту:

  • Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында қандай елдер орналасқан?
  • 20- жылдары осы аймақтағы халықтардың саяси жағдайын сипаттаңдар
  • Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қалыптасқан саяси және қоғамдық ұйымдардың рөлі қандай?
  • Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында қандай мемлекеттерде отарлық тәртіп орнады?

 

БілгенімҮйренгенімҮйренгім келеді

Бағалау:

Үйге тапсырма: §18.