Сабақтың тақырыбы: §21.Түркия
10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §21.Түркия
Сабақтың мақсаты:
- ХХ ғасырдың бас кезіндегі, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Туркияның тарихы туралы түсінік беру;
- Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- 1918-1922 жылдардағы Ирандағы ұлт-азаттық күрестің шығу себептері мен нәтижесі туралы әңгімелеп беріңдер
- КСРО мен Англияның 1941 жылғы Иранға қатысты саясатын қалай бағалайсыңдар?
- Ауғанстан қалай дамыды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- ХХ ғасырдың бас кезіндегі Туркияның жағдайы
- 20-30 жылдардағы Кемал үкіметінің реформалары
- Екінші жүниежүзілік соғыс жылдарындағы Түркия.
Сабақты бекіту:
- Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Туркияның жағдайын қалай сипаттайсыңдар?
- 20-30 жылдары Кемал үкіметінің реформалық әрекеттері қандай болды?
- Туркияның сыртқы саясатын сипаттаңдар?
- Кеңес-түрік келіссөзі қашан болды?
Білгенім | Үйренгенім | Үйренгім келеді |
Бағалау:
Үйге тапсырма: §21.