Араб елдері.

10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §22. Араб елдері.

Сабақтың мақсаты:

  • Араб елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыс пен екінші дүниежүзілік соғыстар аралығындағы тарихын егжей-тегжейлі баяндау.
  • Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Пресс конференция» әдісі бойынша

  • Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Туркияның жағдайын қалай сипаттайсыңдар?
  • 20-30 жылдары Кемал үкіметінің реформалық әрекеттері қандай болды?
  • Туркияның сыртқы саясатын сипаттаңдар?
  • Кеңес-түрік келіссөзі қашан болды?

 

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХХ ғасырдың басындағы араб елдері
  2. Бірінші дүниежүзілік  соғыс жылдарындағы араб елдірі
  3. Арабтың шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстардың өріс алуы.
  4. Сирия
  5. Палистина
  6. Ирактағы жағдай
  7. Йемен және Сауд Арабиясы
  8. Марокка
  9. Араб елдері әлемдік-экономикалық дағдарыс жылдарында
  10. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы араб елдірі

 

Сабақты бекіту:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Араб елдерінің тағдары жөнінде қандай халықаралық келісімдерге қол жеткізілді?
  • Арабтың Шығыста ұлт-азаттық қозғалысы қалай дамыды, нәтижелерге қол жеткізді?
  • Саяси картамен танысып, арабтардың мемлекеттерді аумақтың межелеуі қалай жүргілілгеніне зер салыңдар.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 22.