.Әлем екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында
10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §24.Әлем екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында
Сабақтың мақсаты:
- Екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы халықаралық қатынастар, Жапонияның Маньчжурияны басып алуы, Еуропада соғыстың басты ошақтарының құрылуы, фашистік топтардың құрылуы, олардың әрекеттері туралы түсіндіру;
- Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдісі бойынша
- Арабтың Шығыста ұлт-азаттық қозғалысы қалай дамыды, нәтижелерге қол жеткізді?
- Саяси картамен танысып, арабтардың мемлекеттерді аумақтың межелеуі қалай жүргілілгеніне зер салыңдар.
- Африкада қандай отарлық жүйелер құрылды?
- Африка елдерінің саяси-қоғамдық өмірін сипаттап беріңдер
Жаңа сабақтың жоспары:
- 30-жылдардағы халықаралық қатынастар
- Жапонияның Маньчжурияны басып алуы. Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының құрылуы
- Еуропадағы соғыстың басты ошағының құрылуы.
- Фашитік Италияның Эфиопияны басып алуы.
- Испанияда фашистік тәртіптің орнауы.
- Берлин-Рим-Токио басқыншылық одағының құрылуы.
- Мюнхен келісімі
- Ағылшын-Француз-Кеңес келіссөздері
- 1939 жылғы кеңес-герман пактісі
Сабақты бекіту:
- 1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс халықаралық қатынастардың дамуына әсер етті ме?
- Тоталитарлық мемлекеттің сыртқы саясаттағы ерекше белгілерін анықтаңдар
- Соғыс ошақтары қай аймақтарда және қай уақыттарда пайда болды?
- Ұлтар Лигасының Германия, Италия және Жапонияның басқыншылығын тоқтатуға неге шамасы келмеді?
- Басқыншыларды «қолпаштау» саясатының мәні неде?
- Соғыс қарсаңында КСРО-ның жүргізген сыртқы саясатын қалай бағалайсыңдар.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §24.