Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Германия менм Жапонияның тізе бүгуі.
10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §27. Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Германия менм Жапонияның тізе бүгуі.
Сабақтың мақсаты:
- Антигитлерлік коалицияның құрылып, екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуінің тарихи маңызын ашып көрсету;
- Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ жауап, әңгіме
Көрнекілік: карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында Кеңес армиясының ірі сәтсіздіктерінің себептерін атаңдар.
- Мемлекеттік қорғаныс комитеті қашан құрылды және оның қандай уәкілдік құқықтары болды?
- 1941-1942 жылдардағы кеңес-герман майданындағы ірі шайқастарды атаңдар
- Картаны пайдаланып Жапон армиясының Қиыр Шығыс пен Тынық мұхиттағы соғыс қимылдарын әңгімелеп беріңдер.
- Кеңес армиясының мәскеу түбіндегі жеңісінің мәнін анықтап беріңдер
- Перл-Харбор американ флоты мен армиясы неліктен ойсырай жеңілді.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Антигитлерлік коалицияняң құрылуы
- Соғыс барысындағы үлкен өзгеріс: 1942 жылы қараша-1943 жылы желтоқсан Африкадағы және Тынық мұхитындағы әскери қимылдар
- Курск шайқасы. Соғыстағы шұғыл өзгерістердің басталуы.
- Партизандық қозғалыс және КСРО халқының гитлер басқыншыларына қарсылығы
- Италияның тізе бүгуі. Еуропа елдеріндегі фашизмге қарсы қарсыласу қозғалыстары
- Антигитлерлік коалиция басшыларының Тегерандағы конференциясы
- Соғыстың соңғы кезеңі
Сабақты бекіту:
- Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай?
- Екінші дүниежүзілік соғыс қай уақытта басталды?
- 1939-1941 жылдардағы Германия, Италия, Жапония соғыс күштерінің сәтті әрекеттерінің себептерін ашыңдар.
- Антигитлерлік одақ қай жылы құрылды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §27.