Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Қырым-Потсдам жүйесі. БҰҰ-ның құрылуы.
10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §28.Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Қырым-Потсдам жүйесі. БҰҰ-ның құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
- Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуінің тарихи маңызын ашып көрсету, соғыстың аяқталуын, БҰҰ-ның құрылуын түсіндіріп беру ;
- Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ жауап, әңгіме
Көрнекілік: карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Антигитлерлік коалицияняң құрылуы
- Соғыс барысындағы үлкен өзгеріс: 1942 жылы қараша-1943 жылы желтоқсан Африкадағы және Тынық мұхитындағы әскери қимылдар
- Курск шайқасы. Соғыстағы шұғыл өзгерістердің басталуы.
- Партизандық қозғалыс және КСРО халқының гитлер басқыншыларына қарсылығы
- Италияның тізе бүгуі. Еуропа елдеріндегі фашизмге қарсы қарсыласу қозғалыстары
- Антигитлерлік коалиция басшыларының Тегерандағы конференциясы
- Соғыстың соңғы кезеңі
Жаңа сабақтың жоспары:
- БҰҰ-ны құру туралы келісім
- Конференция алдындағы майдандағы жағдайлар
- Қырым және Потсдам конференциясы
- Сан-Францискодағы конференция. БҰҰ құру.
- 1944 және 1945 жылдың бірінші жартысындағы Тынық мұхит пен Азиядағы әскери іс-қимылдар.
Сабақты бекіту:
- Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай?
- Екінші дүниежүзілік соғыс қай уақытта басталды?
- 1939-1941 жылдардағы Германия, Италия, Жапония соғыс күштерінің сәтті әрекеттерінің себептерін ашыңдар.
- Антигитлерлік одақ қай жылы құрылды?
- Қырымдағы халықаралық конференция қандай мәселелерге ерекше көңіл бөлді?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §28.