Тас дәуірінің хронологиясы. Палеолит,мезолит,неолит
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §1. Тас дәуірінің хронологиясы. Палеолит,мезолит,неолит дәуіріндегі Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
- Жер бетіндегі алғашқы адамдардың пайда болуы мен дамуына тоқтала отырып, Қазақстан жеріндегі тас дәуірі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсету.
- Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- «Дүние жүзінің саяси картасы».
- «Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында »картасы
- «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- «Адам баласының қалыпты даму кезеңдері»,
- «Тас дәуірінің хронологиясы», т.б. тірек-сызбалар.
- Техникалық құралдар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Өткен жылғы материалдарды қайталау.
Сабақтың жоспары:
- Адам баласының пайда болуы және оның дамуы.
- Палеолит
- Мезолит
- Неолит
- Тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылымы.
Сабақты бекіту:
- Адам баласының алғашқы ата-тегі гомонидтер тұқымына жататын рамапитек қаңқасының қай жерлерден табылғанын картадан көрсетіңдер.
- Ғалымдар адам баласының біртіндеп дамуын қанша кезеңге бөледі? Оны қалай дәлелдеп отыр?
- Ежелгі тас дәуірі қанша кезеңге бөлнеді, оларды атап шығыңдар.
- Ғалымдар Қазақстанның ежелгі тұрғындарын адамның қалыпты дамуының қай кезеңімен сәйкестендіреді, оны немен дәлелдейсіңдер?
- Соңғы палеолит кезеңін ғалымдар адамдардың шын мәніндегі тарихи өмірінің басталуы деп не себептен айтқан, дәлелдеңдер?
Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты бекітіп, үйге тапсырма беремін.
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 1 бойынша сұрақтарға жауап дайындау. Картамен жұмыс.