Энеолит. Ботай мәдениеті
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы. § 2. Энеолит. Ботай мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
- Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит дәуірінің басталуын, оның ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістердің адам тіршілігі мен өміріне әкелген жаңалықтарын көрсету.
- Шаруашылық түрлерінің дамуын, алғашқы металл- мысты пайдаланудың зор маңызын түсіндіру. Үш кезеңнің мәдени ескерткіштеріне тоқталып өту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- «Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында» картасы
- «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?
- Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.
- Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?
- Неолит кезеңінде адамдардың тас құрал жасауда ең жоғары сатыға жеткенін немен дәлелдей аласыңдар?
Сабақтың жоспары:
- Энеолит
- Ботай мәдениеті
Негізгі мазмұн
№ | Қай жерден табылды | Тұрақтар | Зерттеудегі жаңалықтар |
1 | Оңтүстік Қазақстан обылысы | Қараүңгір (б.з.б. 6-5 мыңжылдық) | Үңгір-екі бөлмелі. Тастан жасалған құрылыстар, сүйектен ине, біз. Қыш ыдыстар |
2 | Маңғыстау облысы | Ойықты, Төлес | Тұрмыста теріні, сүйек, ағаш өңдеу кеңінен қолданылды. Қыш ыдыстар, сыртына геометриялық өрнектер салынған. |
3 | Қосқұдық (б.з.б. 5-4 мыңжылдық) | Шақпақ шәне жай тастардан жасалған көптеген бұйымдар. Тарақ тәрізді өрнекпен өрнектелген қыш ыдыстар | |
4 | Ақмола облысы | Атбасар мәдениеті- Қарлыға, Жабай | 200-ге жуық тұрақ табылған. Жартылай көшпелі шаруашылық |
5 | Торғай облысы | Маханжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Сор | Ыдыстар ерекшелігі-жіңішке қылта мойын, конус тәрізді. Өрнектері-тарақша |
Сабақты бекіту:
- Энеолит дәуірінде қандай жаңа материалдар пайдаланылды?
- Ботай мәдениеті туралы не білесіңдер?
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 2. Энеолит. Ботай мәдениеті