Сөйлем. Жырау.
№83сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Жырау.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сөйлем, жырау туралы түсінік бере отырып, шығармашылыққа баулу.ә) оқушылардың сөздік қорын арттыру. б) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:буклеттер,батырлардыңсуреті,сұрақтар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:— Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?Заттың санын білдіретін сөздерді не деп айтамыз?
III. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі тақырыбымызда сөйлем.Оның сөзден ерекшелігі туралы анықтайтын боламыз.
- Жаңа сабақ:Оқушыларға 148-жаттығуды орындату.Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыту.Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтау.Сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын аңғарту.149-жаттығу Оқушыларға орны ауыстырылып жазылған сөздерден сөйлем құрастырып жаздыру.Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жаздыру.Соңынан нүкте қоюды үйрету.«Жырау» өлеңінің мағынасын түсіндіріп жаттату.
Сергіту сәті.
V.Бекіту кезеңі:Өз ойларынан сөйлем құрастыру.Сұрақтарға жауап алу.Дәптермен жұмыс Сөйлем сөздерден құралады.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады. Сонымен бүгін біз қандай тақырып өттік Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем неден құралады?
- Үйге тапсырма, бағалау: Жырау өлеңін , ережені жаттау