Қытай,Монғолия
10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §17. Қытай,Монғолия
Сабақтың мақсаты:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай, Жапон-Қытай соғысы, революцияның басталуы,Монғолияның саяси-экономикалық даму жолдары туралы оқушыларға түсіндіру;
- Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония мен Қытай қалай дамыды?
- 20-30 жылдардағы Жапонияның сыртқы саясатын сипаттап беріңдер.
- Бірінші джс кейін Жапония мен Қытайда қандай оқиғалар орын алды?
- Неге жапон билеуші топтары Тынық мұхит жаққа бет бұрып,соғыс жүргізді?
- Саяси картамен танысып, Жапония жаулап алған елдерді көрсетіңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай.
- Жапон-қытай соғысы
- Қытайда Гоминьдан билігінің орнауы
- Чан Кайши үкіметінің (1928-1934жж.) саясаты
- 1927-1937 жылдардағы азаматтық соғыс
- 1937-1945 жылдардағы Қытай халықтарының Жапония басқыншылығына қарсы күресі.
- 1914-1945 жылдардағы Монғолияның саяси-экономикалық даму жолдары
Сабақты бекіту:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай қалай дамыды?
- «Қытайдағы кеңестік қозғалыс» дегеніміз не?
- Бірінші джс кейін Жапония мен Қытайда қандай оқиғалар орын алды?
- 1925-1927 жылдардағы Қытай революцияның сипатын және оның ерекшеліктерін ашып көрсетіңдер.
- 1921 жылғы Монғолиядағы Арат революциясының мәнін ашып беріңдер
Бағалау:
Үйге тапсырма: §17.